Кепілдi мемлекеттiк тiркеу (есептен шығару), өзгертулердi, толықтыруларды (соның iшiнде меншiк құқығын басқа тұлғаға берудi, талап ету құқығын басқаға берудi, кейiнгi кепiлге (қайта кепiлге) салуды) және тiркелген кепiлдiң қолданысын тоқтатуды, сондай-ақ тiркелген кепiлдi беру тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, оларға арналған тіркемелердің, оның ішінде монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелердің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе телнұсқа; жол талғамайтын арнайы көліктер
«EGOV» сайтына ЭЦҚ кілттің көмегімен кіріңіз (ең төменгі жағында Электрондық лицензиялау түймесін басыңыз) – Сізді «elicense» сайтына жібереді - АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ категориясын басыңыз - Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен шығару және тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру олар үшін белгілер тармағы - қызметке тапсырыс беру түймесін басыңыз - Маңғыстау облысын таңдаңыз - "Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі - барлық элементтерді толтырыңыз әрі қарай түймесін басыңыз - соңында міндетті түрде электрондық кілтпен (ЭЦҚ) қол қоясыз