2021-2023 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, облыстық кәсіподақтар (қызметкерлер) бірлестіктері және жұмыс берушілер бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) арасындағы облыстық Келісім (Бұдан әрі-Келісім) ҚР заңнамасының қандай нормаларына сүйенеді?

    vko-enbek

    vko-enbek·
    Сұрақ

    2021-2023 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, облыстық кәсіподақтар (қызметкерлер) бірлестіктері және жұмыс берушілер бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) арасындағы облыстық Келісім (Бұдан әрі-Келісім) ҚР заңнамасының қандай нормаларына сүйенеді?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы еңбек кодексінен, Қазақстан Республикасының заңдарынан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады (ҚР ЕК 2-бабының 1-тармағы).

    Еңбек қатынастары, сондай-ақ еңбек қатынастарына тікелей байланысты өзге де қатынастар еңбек шартымен, жұмыс берушінің актісімен, келісіммен және ұжымдық шартпен реттеледі (ҚР ЕК-нің 10-бабының 1-тармағына сәйкес).

    ҚР ЕК-нің 15-бабы 5-бөлігі, Қазақстан Республикасының Үкіметі жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерімен (қауымдастықтарымен, одақтарымен) және қызметкерлердің республикалық бірлестіктерімен бас келісім жасасады.

    2021-2023 жылдарға арналған Бас келісімнің (әлеуметтік әріптестік) 2-бөлімінің 3-тармағына сәйкес, тараптар халықтың әл-ауқатын арттыру, қоғамдағы теңсіздікті төмендету, экономиканы дамыту, жұмыспен қамтуды қолдау және т.б. жөніндегі міндеттерді шешу үшін әлеуметтік әріптестікті қолдану саласын кеңейтуді көздеу бойынша әлеуметтік әріптестікті дамыту жөніндегі міндеттемелерді өзіне қабылдай алады.

    ҚР ЕК-нің 18-бабы 5-бөлігіне сәйкес, жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушілердің өңірлік бірлестіктерімен (қауымдастықтарымен, одақтарымен) және қызметкерлердің өңірлік бірлестіктерімен өңірлік (облыстық, қалалық, аудандық) келісімдер жасасады.

    14.04.2021 жылы Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, облыстық кәсіподақтар (қызметкерлер) бірлестіктері және жұмыс берушілер бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) арасында 2021-2023 жылдарға арналған облыстық келісімге (бұдан әрі – облыстық Келісім) қол қойылды ( Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде 2021 жылғы 29 сәуірде тіркелген, "Дидар" және "Рудный Алтай" облыстық газеттерінің сайттарында 26 сәуір 2021 жыл жарияланған).

    "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабымен (бұдан әрі-Заң) көрсетілген Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының Саржал ауылдық округінің, Бесқарағай ауданының Долон ауылдық округінің, таратылған Жаңасемей ауданының Сарапан және Иса елді мекендерінің ( төтенше радиациялық қауіпті аймақ), Абай, Бесқарағай және таратылған Жаңасемей аудандарының, Ақбұлақ, Абыралы, Алғабас, Айнабұлақ, Қараөлең және Семей қаласының Таңат ауылдық округтерінің ( ең жоғары радиациялық қауіпті аймақ), Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха, Жарма, Аягөз, Глубокое, Шемонаиха, Ұлан аудандары, Семей, Курчатов, Өскемен және Риддер қалаларының ( жоғары радиациялық қауіпті аймақ), Шығыс Қазақстан облысының Үржар, таратылған Таскескен, Көкпекті, Ақсуат, Алтай, Зайсан және Тарбағатай аудандарының ( ең төмен радиациялық қауіпті аймақ) аумағында тұратын халықтың құқығы:

    1) аймақтар бойынша қосымша еңбекақы мөлшерінде:

    төтенше радиациялық қауіпті аймақ бойынша - екі айлық есептік көрсеткіш;

    ең жоғары радиациялық қауіпті аймақ бойынша - 1,75 айлық есептік көрсеткіш;

    жоғары радиациялық қауіпті аймақ бойынша - 1,5 айлық есептік көрсеткіш;

    ең төмен радиациялық қауіпті аймақ бойынша - 1,25 айлық есептік көрсеткіш;

    3) аймақтар бойынша жыл сайынғы ақылы қосымша демалыс:

    төтенше радиациялық қауіпті аймақ бойынша - 14 күнтізбелік күн;

    ең жоғары радиациялық қауіпті аймақ бойынша-12 күнтізбелік күн;

    жоғары радиациялық қауіпті аймақ бойынша-10 күнтізбелік күн;

    ең төменгі радиациялық қауіпті аймақ бойынша-7 күнтізбелік күн;

    Осы Заңда көзделген азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі іс-шаралар ұйымдардың қаражаты есебінен қаржыландырылады (Заңның 19-бабына сәйкес).

    Кәсіподақтардың бастамасы бойынша қосымша еңбекақы және жыл сайынғы қосымша ақы төленетін демалыс бойынша туындайтын мәселелерді реттеу үшін облыстық келісімге 5.23-тармақ енгізілді, онда радиациялық қатер аймақтарында еңбек қызметін жүзеге асыратын және тұратын қызметкерлерге ай сайынғы қосымша ақы төлеуді жүргізу және жыл сайынғы қосымша ақы төленетін демалыс беру көзделеді. Ай сайынғы қосымша ақының мөлшері және жыл сайынғы қосымша ақы төленетін демалыстың ұзақтығы "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы"Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес айқындалады. Халықты әлеуметтік қолдаудың осы шараларын ұсыну "зардап шегушінің куәлігінің" бар-жоғына қарамастан, ұйымның барлық қызметкерлеріне таратыла отырып, ұжымдық шарттарда көзделсін.

    Ұжымдық шарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу ҚР ЕК-нің 156-бабына сәйкес жүргізіледі.

    ҚР ЕК 157-бабының 3-тармағына сәйкес, ұжымдық шарт Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен салыстырғанда қызметкерлердің жағдайын нашарлатпауы тиіс.

    Заңнаманың қандай нормалары жұмыс берушіні Келісімнің ережелерін сақтауға міндеттейді?

    ҚР Еңбек Кодексінің 23 бабының 2 тармағының 1 тармақшасына сәйкес, жұмыс беруші Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының, келісімдердің, ұжымдық, еңбек шарттарының, өзі шығарған актілердің талаптарын сақтауға міндетті.

    Облыстық Келісімнің 8.8 тармағына сәйкес Келісімнің орындалу барысын бақылауды Тараптар жүзеге асырады.

    Еңбек кодексінің 154-бабының 6-тармағында келісімдердің орындалуын бақылауды әлеуметтік әріптестік тараптары жүзеге асыратыны белгіленген.

    Сондай-ақ, ҚР Еңбек кодексінің 194-бабының 1-бөлігімен мемлекеттік еңбек инспекторлары Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға міндетті.

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 "Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" бірлескен бұйрығымен бекітілген тексеру парақтарының 16-тармағында Мемлекеттік еңбек инспекторына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Ұжымдық шарт, Әлеуметтік әріптестік келісімдері талаптарының орындалуын тексеру.

    Міндеттемелерді орындамағаны немесе бұзғаны үшін жұмыс берушілермен келісім бойынша 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 97-бабының 3-бөлігі).

    Экологиялық жеңілдіктер кімге қолданылады?

    ҚР Еңбек кодексінің 154-бабының 3-тармағына сәйкес, өңірлік Келісімнің күші тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдарына, жұмыс берушілеріне, жұмыскерлеріне және олардың өкілдеріне қолданылады.

    Сондай-ақ, облыстық Келісімнің 8.12 тармағы мемлекеттік органдарға, жұмыскерлерге және олардың өкілдеріне, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан барлық жұмыс берушілерге қолданылады деп көзделген.

    Сонымен қатар, облыстық Келісімнің 5.23-тармағының күші Күршім және Катонқарағай ауданының аумағында қолданылмайды.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.