ЭЦҚ қашықтан алу
Назар аударыңыз! ЭЦҚ кілттері жеке және заңды тұлғаларға беріледі! ЭЦҚ кілттерін ХҚКО бармай-ақ қашықтан алу мүмкіндігі үшін сізге қажет: * Өзімен бірге қолданыстағы жеке куәліктің түпнұсқасы (Қазақстан Республикасында берілген фотосуреті бар жеке басты куәландыратын құжат) немесе ҚР азаматының паспорты болуы тиіс; * Кіріс SMS-хабарламаларды алу мүмкіндігі бар ұялы телефоныңыз болуы тиіс; * Сіздің жеке компьютеріңізде веб-камера болуы керек; * ЭЦҚ-ны одан әрі Орнату және пайдалану үшін қажетті NCALayer бағдарламалық қамтылымын орнату. Құрметті пайдаланушылар! 1) оператормен диалог дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні 09:00-ден 14:00-ге дейін, түскі үзіліссіз демалыс: жексенбі және ҚРЗ сәйкес мереке күндері. 2) Қашықтан сәйкестендіру сәтсіз болған жағдайда сіздің құжатыңыз растауға/модерациялауға жіберіледі. Тексеруді операторлар жіберілген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде жүргізеді. Егер сіз бұрын ЭЦҚ алған болсаңыз, онда қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сілтеме бойынша ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының жеке кабинетінде жаңа кілтті қайта шығара аласыз. https://egov.kz/cms/sites/default/files/instrukciya_ecp_fiz_lica.docx https://egov.kz/cms/sites/default/files/instrukciya_ecp_yur_lica.docx