Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру

    vko-zaysan

    vko-zaysan·
    Сұрақ

    Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру

    Жауап

    Заңнамаға сәйкес электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету "электрондық үкімет"веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Мәселен, көрсетілетін қызметті алушы орналасқан жеріне (жұмыста, үйде және т. б.) қарамастан "электрондық үкімет" порталы арқылы Интернет желісіне қолжетімділігі болған кезде www.egov.kz Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш беруді жүзеге асыра алады. Бұл ретте электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық құжатты немесе қағаз жеткізгіштегі құжатты беру болып табылады.

    Қызметті онлайн алу үшін ("электрондық лицензиялау" порталында) WWWe.license.kz) авторлану және "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша өту, өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қою (электрондық цифрлық қолтаңба) қажет, берілген өтініштің мәртебесін Жеке кабинетте Менің өтініштерім бөлімінде қадағалауға болады.

    Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

    Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі.

    Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды:

    1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш;

    2) Кодекстің 9-бабының 5-тармағына сәйкес жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесін, оның нысаналы мақсаты өзгерген кезде, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы бюджет кірісіне төлеу, кадастрлық (бағалау) құны арасындағы айырмаға тең соманы бюджетке төлеу қажет болған жағдайда ұсынады.

    Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 10 жұмыс күні;

    Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Жер қатынастары саласында - электронды мемлекеттік қызмет көрсету

    Жауап

    Қазіргі таңда заман талабына сай мемлекеттік қызмет түрлеріне қолжетімділікті арттыруға бағытталған игі бастамалар жүзеге асырылып келеді. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидалар бекітілді. Осы Қағидалармен мемлекеттік қызметтің 6 түрі толық электрондық түрге ауыстырылды. Электронды мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі құралы электронды үкімет порталы немесе электрондық лицензиялау (www.elicense.kz). Мемлекеттік қызметті электрондық түрде алу үшін көрсетілетін қызметті алушыға электрондық цифрлық қолтаңбаны алу, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» веб-порталында ( www.egov.kz ) немесе электрондық лицензиялауда (www.elicense.kz) тіркелу қажет. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қолжеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет алуға электронды өтінім беру үшін ЭҮП бойынша сілтемеге кіру қажет. Бұдан әрі ЖСН арқылы пайдаланушының жеке кабинетіне кіру іске асырылады. Қызметтер бөлімін таңдау бөлігінде қажетті тармақ таңдалады. Бұдан әрі барлық әрекеттер нұсқауға сәйкес рет-ретімен орындалады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі. Мемлекеттік қызметті электрондық түрде алудың тиімділігі: мемлекеттік қызметті алумен байланысты ақпаратты алудың қолжетімдігінде; мемлекеттік қызмет алу рәсімін оңайлатуда; мемлекеттік қызметті алумен байланысты уақытша шығындарды кемітуде; азаматтың өтініші бойынша жұмыстың әркезеңінде оның хабардарлығында; мемлекеттік қызметті көрсету туралы өтінішті үй немесе жұмыс компьютерінен беру мүмкіндігінде; көрсетілетін қызметті берушімен жеке қатынасу кезінде пайда болатын жемқорлық тәуекелдерді азайтуда. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында азаматтық белсенділікті танытып Жер қатынастары саласында мүмкін болатын «Электронды үкімет» (e.gov) веб-порталы немесе электрондық лицензиялау (www.elicense.kz) арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуға шақырамыз.

    vko-zaysan·
    Сұрақ

    "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы"

    Жауап

    Зайсан ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан мемлекеттік тұрғын үй алуға есепке тұру үшін сізге электрондық үкімет Веб-порталы арқылы өтініш беру қажет. ( www.kezekte.kz ) (электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ). Жылжымайтын мүлік бөліміне кіріп, "SHANYRAQ" платформасына сілтеме бойынша өтіңіз, қажетті жолдарды толтырыңыз, мемлекеттік қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберіңіз.

    vko-zaysan·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.