2004 жылғы 12 сәуірдегі ҚР "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 9-бабының 1-тармағына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына Ішкі сауда субъектісі (иесі) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын жеткізу шартында көрсетілген өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда жеткізушісінің сатып алу бағасының 15% - ынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейді.
Сауда үстемесі 15% - дан асып кеткен жағдайда Сатып алушы тауар-жөнелту құжатын (жүкқұжатын), сөредегі тауар бағасын, сауда объектісінің атауын (ЖК/ЖШС) фотосуретке түсіріп және осы ақпаратпен Курчатов қаласының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөліміне жүгіне алады.
Егер сатушы әртүрлі сылтаулармен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына сатып алу бағасын беруден бас тартса, онда сатушыға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м. а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының 15-тармағын еске салу қажет, онда сатушы тауарларды сату кезінде Сатып алушының назарына сәйкестікті растау туралы ақпаратты жеткізуі тиіс және тұтынушыға оның талабы бойынша дайындаушы немесе жеткізуші (сатушы) ресімдеген тауар–ілеспе құжаттарды ұсынады.