Тұрғын үй кезегіне қалай тұруға болады?

    bko-burlin

    bko-burlin·
    Сұрақ

    Тұрғын үй кезегіне қалай тұруға болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 69 бабына сай тұрғын үйге мұқтаж деп танылған жағдайда осы елді мекенде тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайы жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары тұрғын үй кезегіне тұра алады.

    Ол үшін құжаттарды тіркей отырып Egov.kz порталы арқылы өтініш бере алады, қазіргі уақытта қызмет алушының деректері біріктірілген дерекқорда бар, заңға сай тұрғын үй кезегіне тұру үшін құжаттар автоматты түрде тексеріледі, тұрғын үй кезегіне алынғаны немесе алынбағаны туралы хабарлама 1414 біріңғай нөмірі арқылы келеді.

    Қазақстан Республикасының Ұлттық Экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі №319 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандарты бойынша қызмет көрсету мерзімі - 30 күнтізбелік күн.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Балабақшаға бала қалай кезекке қойылады?

    Жауап

    Мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке қою және жолдама алу қызметі balabagsha.snation.kz, https://indigo24.kz/kz сайты арқылы жүзеге асады. Сайтта жұмыс жасау үшін жеке телефон нөмірінізбен тіркеліп, тұрғылықты мекен-жайыңызды көрсетіңіз.

    bko-burlin·
    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмек кімге көрсетіледі?

    Жауап

    Атаулы әлеуметтік көмек отбасының барлық мүшелеріне жан басына шаққандағы орташа кіріс пен кедейлік шегінің айырмашылығы ретінде (2020 жылдың 4 тоқсаны бойынша кедейлік шегі 22 432 теңге ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%) тоқсан сайын хабарласқан айдан бастап тағайындалады. Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар. Атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуі үшін тұрғылықты жері бойынша – халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне белгіленген үлгідегі өтінішпен және сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатпен жүгінеді. АӘК мыналарға тағайындалмайды: 1) жан басына шаққандағы орташа табысы (22 432 теңге) белгіленген кедейлік шегінен асатын адамдарға (отбасыларға); 2) «Мемлекеттік атаулы көмек туралы» Заңның 2-бабы 6-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан отбасыға – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан күннен бастап алты ай бойы; 3) алушының кінәсі бойынша бұрын жасалған әлеуметтік келісімшарт бұзылған және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелер орындалмаған жағдайларда, адамға (отбасыға) – атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш жасаудың алдындағы алты ай бойы; 4) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттар берген адамдарға (отбасыларға) – оларды ұсынған күннен бастап алты ай бойы; 5) материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері бойынша дайындалған учаскелік комиссияның қорытындысына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек беруге мұқтаж емес адамдарға (отбасыларға) тағайындалмайды.

    bko-burlin·
    Сұрақ

    «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша қалай бюджеттік кредит алуға болады және алған жағдайда неше жыл жұмыс істеуге міндеттеме аламын?

    Жауап

    Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы өтініш бере аласыз және алты жұмыс күні ішінде сіздің өтінішінізге жауап беріледі. Өтініш Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; Жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған еңбек кітапшасының көшірмесі; Білімі туралы дипломның көшірмесі; Неке туралы куәлік көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін); Кредиттк бюро Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету қағидасына сәй

    bko-burlin·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.