Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы №1420 "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" қаулысына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі №319 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін кезекке тұру керек, ол үшін Мемлекеттік корпорацияға (ХҚКО) келесі құжаттар тізбесімен жүгіну қажет:
белгіленген нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйдің бар немесе жоқ екенін тексеруге келісімін көрсете отырып, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою туралы өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы куәліктердің түпнұсқасы жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);
халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар өтініш берушінің (отбасының) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататынын растайтын құжатты, сондай – ақ, соңғы 12 айдағы отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табысы туралы мәліметтерді (мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасыларды қосқанда) қосымша ұсынады.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй кезектілік пен белгіленген талаптарға сәйкес беріледі.