«Ақмола облысының Құрметті азаматы» атағы кімге беріледі?

    maslikhat-aqmola

    maslikhat-aqmola·
    Сұрақ

    «Ақмола облысының Құрметті азаматы» атағы кімге беріледі?

    Жауап

    «Ақмола облысының Құрметті азаматы» атағын беру ережесінің 3, 4, 5 тармақтарына сәйкес атақ келесі азаматтарға беріледі:

    • кәсіби міндеттерін немесе азаматтық борышын орындау кезінде жоғары мемлекеттік наградалары бар жеке ерлік көрсеткендерге;
    • өзінің еңбек қызметі кезеңінде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына, еңбекке мінсіз және шығармашылық көзқарасы, қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін үлес қосқан адамдарға беріледі;
    • облыстың экономикалық өсуі мен әлеуметтік дамуына белсенді ықпал еткен инновациялық қызметі және озық технологияларды енгізгені үшін;
    • ғылым, әдебиет, өнер және шығармашылық қызметтің басқа да түрлері саласында, мәдениетті, спортты дамытуға, білім беру, денсаулық сақтау сапасын арттыруға ерекше үлес қосқан;
    • ұлтаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты, бейбітшілікті, облыста тұрып жатқан халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуда жемісті жұмысы үшін;
    • заңдылықты, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз еткені үшін;
    • азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға белсенді қызметі, қайырымдылық және қамқоршылық қызметі, елімізде және шет елдерде Ақмола облысының (ауданның, Көкшетау, Степногорск қалаларының) имиджін арттырғаны үшін;
    • ерекше құрмет белгісі ретінде атақ мемлекеттік қызметте өзін танытқан мемлекеттік және саяси қайраткерлерге және облыстың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына ықпал ететін азаматтарға берілуі мүмкін;
    • атақ Қазақстан Республикасының азаматтарына тірі кезінде беріледі.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Депутаттар халыққа есеп беруі тиіс пе? Қандай жиілікпен?

    Жауап

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңының 21-бабы 2-тармағы 2-тармағында депутат: «өз округі сайлаушыларымен тұрақты байланыс жасап тұруға, оларға мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының қызметі, мәслихат шешімдерінің орындалуы туралы жылына кемінде бір рет хабарлап отыруға, сондай-ақ сайлаушылардың өзіне келіп дауыс беруін талап етуге міндетті, сондай-ақ өзінің депутаттық қызметінің барысы туралы, мәслихат шешімдерінің орындалуын ұйымдастыруға және бақылауға қатысу тиіс» делінген.

    maslikhat-aqmola·
    Сұрақ

    Как узнать о состоянии дел по моему обращению в областной маслихат, если я приносил заявление нарочно?

    Жауап

    Ответ на обращение вы получите на адрес, который указали в заявлении. Также можно позвонить в приемную маслихата по номеру 25 47 68 и узнать предварительные сроки ответа.

    maslikhat-aqmola·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.