Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі

    Ақтөбе облысының Әділет департаменті

    Сұрақ

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі

    Жауап

    Сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы немесе атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы қаулысы

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтамаларда МТК № (цифрлар) көрсетіледі, бұл нені білдіреді?

    Жауап

    "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Заңның 1-бабының 21-1-тармағына сәйкес жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамаларда мекенжай мәтіндік мәнде көрсетілгеннен кейін мекенжайдың тіркеу коды ( бұдан әрі-МТК ) сандық мәнде көрсетіледі, ол "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесі жақшаның ішінде Регенерациялайтын жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайының бірегей коды болып табылады (МТК № он алты мәнді ). Осыған байланысты, "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесі (МТ АЖ) - Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжай деректерінің бірден-бір ресми көзі болып табылады. МТ АЖ мекенжайлық мәліметтерді енгізу, олардың дұрыстығы, өзектілігі және дұрыстығы бойынша функциялар "Сәулет және қала құрылысы бөлімі"ММ құзыретіне жатады. МТ АЖ сәулет бөлімінің қызметкерлерімен енгізілген мекенжай деректері автоматты түрде "Бірынғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры"деректер базасына беріледі.

    Сұрақ

    Жоғалған мүліктің кұжаттарын қалай қалпына келтіруге болады?

    Жауап

    Құқықтық кадастрда тіркеу соның негізінде жүргізілген жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың түпнұсқасы (куәландырылған көшірмесі) жоғалған немесе бүлінген жағдайларда құқық белгілейтін құжатты қалпына келтіру көрсетілген құжаттың тіркеу ісінде сақталатын көшірмесінен телнұсқа беру арқылы жүргізіледі. Егер тіркеу ісінде электрондық құжаттың тек қағаздағы көшірмесі болса, құқық белгілеуші құжаттың телнұсқасын нотариус береді. Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

    Сұрақ

    Техникалық паспортты электронды түрде беру

    Жауап

    Заңнаманы жетілдіру шеңберінде электрондық техникалық паспорт және жаңадан құрылған жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерінің алшақтықтарын анықтау туралы қорытынды беру қызметі іске асырылды. Өтініш беру және электрондық техникалық паспорт алу үшін тұрғын үй иесі egov.kz электрондық үкімет порталында авторизациядан өтуі қажет. "Жылжымайтын мүлік" бөлімінде "Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын алуға электрондық өтініш беру" қызметін таңдап, өтінімді толтырып және оған құқық белгілейтін құжаттың скан көшірмесін (сатып алу-сату шарты, сыйға тарту шарты және т. б.) тіркей отырып, қызметке онлайн тапсырыс беру қажет. Сонымен қатар, электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы төлем жүргізу немесе төлем туралы түбіртекті бекіту қажет. "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Заңға сәйкес қызмет нәтижесі қағаз жеткізгіштегі қол қойылған құжатпен бірдей «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы қызметкерлерінің және басшыларының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық техникалық паспорт болып табылады. Бұл қызметті автоматтандыру құжаттардың меншік иесінің Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ өтінішпен жүгінбеуіне, бұл оның тарапынан болатын қаржылық және уақыт шығындарын қысқартатыны сөзсіз.

    Сұрақ

    Мен Ақтөбе қаласында орналасқан пәтерді сатқым келеді, бірақ мен Астана қаласында тұрамын, пәтер сату үшін міндетті түрде Ақтөбе қаласына бару қажет пе?

    Жауап

    Кейбір заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістерге сәйкес азаматтар объектінің орналасқан жеріне қарамастан, елдің кез келген нотариусында жылжымайтын мүлікпен мәміле жасай алады. Осылайша, егер тараптар Астана қаласында болса, ал жылжымайтын мүлік объектісі Ақтөбе қаласында орналасқан болса, онда Ақтөбе қаласына барудың немесе сенімхат рәсімдеудің қажеті жоқ. Астана қаласының кез келген нотариусына жүгініп, мәмілені рәсімдеуге болады.

    Сұрақ

    Қызметті веб портал арқылы қалай алуға болады?

    Жауап

    www.egov.kz сайтына кіріңіз, құқықтық көмек, атқарушылық іс жүргізуді қозғау, бұдан әрі- Қызметке онлайн тапсырыс беру, «Сот кабинетінде» авторизациялау қажет, арыздың электрондық нысанын толтырыңыз, арызға қажетті құжаттарды қоса тіркеңіз, оған ЭЦҚ қол қойып жіберіңіз.

    Сұрақ

    Атқарушылық құжатты орындауға қайда ұсынуға болады?

    Жауап

    Аумақтық әділет органына, Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес АҚ, Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына, жеке сот орындаушыларына және электрондық үкіметтің www.egov.kz веб портал арқылы бере аласыз.

    Сұрақ

    Ақтөбе облысы Әділет департаментінің ресми сайтында бос лауазымдар тізімі жарияланған, осы бос орындарға қабылдау тәртібі қандай?

    Жауап

    Ақтөбе облысы Әділет департаментінің бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына азаматтарды қабылдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңына сәйкес, конкурс негізінде жүргізіледі. Жалпы конкурсқа тест рәсімдерінен алдын ала өткен және уәкілетті орган белгілеген мәндерден төмен емес нәтижелері бар азаматтар қатыса алады. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелері бойынша берілген сертификаттар тестілеу өткізілген күннен бастап бір жылдың ішінде жарамды. Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай енгізілген кезде сертификаттың жарамдылық мерзімі енгізілген төтенше жағдай кезеңіне тоқтатыла тұрады. Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес, жалпы конкурсқа қатысуға өтініш, қызметтік тізім, білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелерін тапсыру жеткілікті және конкурстың әңгімелесу сатысы қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы жүргізілуі мүмкін. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстар туралы хабарландырулар www.gov.kz сайтында, сондай-ақ Департаменттің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланады.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.