Мен басқа бөлімшеде дауыс бере аламын ба?

    Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

    Сұрақ

    Мен басқа бөлімшеде дауыс бере аламын ба?

    Жауап

    Иә. Егер сіз сайлау күні басқа елді мекенде болуды жоспарласаңыз, онда Сізге алдын ала, 2022 жылғы 19 қарашада сағат 18.00-ге дейін сайлау учаскесіне хабарласып, дауыс беру құқығына сырттай куәлік алу қажет. Осы құжатпен сіз басқа елді мекенде дауыс бере аласыз. Сонымен қатар, бір елді мекен шегінде басқа учаскеде дауыс беруге болмайды.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Сұрақ: Арнайы техникаларды жыл сайынғы техникалық байқаудан өткізу үшін қайда жолығу керек?

    Жауап

    Жауап: Жыл сайынғы мемлекеттік байқаудан өту туралы мемлекеттік қызмет алу үшін тұрғылықты жері бойынша кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне өтініш беру қажет. Қажетті құжаттар: машинаны тіркеу құжаты (техникалық паспорт).Жауап: Жыл сайынғы мемлекеттік байқаудан өту туралы мемлекеттік қызмет алу үшін тұрғылықты жері бойынша кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне өтініш беру қажет. Қажетті құжаттар: машинаны тіркеу құжаты (техникалық паспорт). Жыл сайынғы мемлекеттік байқаудан өту туралы мемлекеттік қызмет алу үшін тұрғылықты жері бойынша кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне өтініш беру қажет. Қажетті құжаттар: машинаны тіркеу құжаты (техникалық паспорт). Арнайы техниканы (тракторларды, өздігінен жүретін машиналарды, ауыл шаруашылығы және жол-құрылыс машиналарын) жыл сайынғы техникалық байқаудан өткізу жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет шеңберінде жүргізіледі. Техникалық тексеруден өту үшін қайда жергілікті атқарушы органдар: * Ауданның немесе қаланың кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімдеріне хабарласыңыз. Техникалық тексеруден өту үшін өту үшін қайда жүгіну керек? Жергілікті атқарушы органдар: 1. Белгіленген нысан бойынша өтініш; 2. Машинаға тіркеу құжаты (техникалық паспорт); Қызмет көрсету мерзімі: * Тікелей жүгінген кезде-10 жұмыс күні ішінде; * Машиналарды тіркеу пунктіне ұсынған кезде-2 жұмыс күні ішінде. Қызмет құны: Тегін. Сілтеме НҚА: "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/269 бұйрығы.

    Сұрақ

    Сұрақ: Агроөнеркәсіп кешендегі жобаларға кредит беру бағдарламасы бойынша қандай жобаларға беріледі және оның шарттары қандай

    Жауап

    Жауап: Бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты – АӨК саласындағы жаңа жобаларды құруға немесе қолданыстағыларды кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыруға береді.Жауап: Бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты – АӨК саласындағы жаңа жобаларды құруға немесе қолданыстағыларды кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыруға береді. Бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты – АӨК саласындағы жаңа жобаларды құруға немесе қолданыстағыларды кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыруға береді. Бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты – АӨК саласындағы жаңа жобаларды құруға немесе қолданыстағыларды кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыруға береді. тауарлық сүт фермаларын (қуаты 400 бастан бастап); етті бағыттағы құс фабрикаларын (жылына 5000 тонна құс етінен бастап); етті бағыттағы мал шаруашылығы кәсіпорындарын (5000 бастан бастап); көкөніс сақтау қоймаларын (1000 тоннадан бастап); жеміс сақтау қоймаларын (1000 тоннадан бастап); өнеркәсіптік жылыжай шаруашылығын; ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде жүн мен теріні терең өңдеу кәсіпорындарын; қуаттылығы жылына 25 тоннадан бастап тауарлық балық болатын балық және басқа да су жануарларын өсіретін балық өсіру шаруашылықтарын; өндірістік қуаттылығы тәулігіне 1 тоннадан басталатын балықты аршып, тазалайтын, одан әрі тереңдете өңдейтін және сақтайтын балық өңдеу кәсіпорындарын; осы Қағидалар шеңберіндегі АӨК саласындағы жобалар бойынша буып-түю материалдарын өндіру кәсіпорындарын; құс шаруашылығындағы асыл тұқымдық репродукторларды; қазіргі заманғы су үнемдеу технологияларын (шашыратып, тамшылатып суару) пайдалана отырып, суармалы егіншілікті (картоп пен көкөністер, азық өндірісі) қой фермаларын (5000 бастан бастап) Жергілікті атқарушы орган сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы үміткерлерге мынадай шарттармен мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу, нысаналы пайдалану қағидаттарын сақтай отырып, кредиттер береді: 1) кредит мерзімі – 10 (он) жылға дейін; 2) кредиттің ең жоғары сомасы– 5 (бес) миллиард теңгеден аспайды; 3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 (екі жарым) пайыздан аспайды; 4) кепілмен қамтамасыз етудің болуы; 5) негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдік кезеңі 24 (жиырма төрт) айдан аспайтын мерзімді құрайды. Сілтеме НҚА: "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 322 бұйрығы .

    Сұрақ

    Сұрақ: Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттарды қалай алуға болады?

    Жауап

    Жауап: Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттарды алу қызметін БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы көрсетеді. Аталған қызметті алу үшін Жауап: Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттарды алу қызметін БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы көрсетеді. Аталған қызметті алу үшін Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттарды алу қызметін БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы көрсетеді. Аталған қызметті алу үшін порталы арқылы тіркеліп, өтінім беру қажет. Қызмет тегін көрсетіледі. Өтінімді қарау мерзімі -3 жұмыс күні. Өтінім беру үшін өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы(ЭЦҚ) қажет. Қызмет көрсету нәтижесі-жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат немесе дәлелді бас тарту. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығымен бекітілген «Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы» ережесіне сәйкес мемлекеттік қызметті жергілікті атқарушы органдар көрсетеді.Аталған қызметті алу үшін порталы арқылы тіркеліп, өтінім беру қажет. Қызмет тегін көрсетіледі. Өтінімді қарау мерзімі -3 жұмыс күні. Өтінім беру үшін өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) қажет. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат жануарлар дүниесін арнайы пайдаланудың мынадай түрлеріне беріледі: 1)аң аулау; 2) балық аулау (кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық), ғылыми-зерттеу мақсатында аулау, мелиорациялық аулау, өсімін молайту мақсатында аулау); 3) жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ індетті болдырмау мақсатында пайдалану; 4) жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалану. Сілтеме НҚА: "Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығы

    Сұрақ

    Сұрақ: "Дипломмен ауылға" бағдарламасы аясында әлеуметтік қолдау шараларын кімдер ала алады?

    Жауап

    Жауап: Бюджет қаражаты есебінен көтерме жәрдемақы беру, тұрғын үй сатып алуға және қүрылысына бюджеттік кредит беру әлеуметтік қолдау шаралары ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне беріледі. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы сұранысқа ие мамандықтар тізбесін тоқсан сайын келесі тоқсанның бірінші айының 10-күніне дейін бекітеді.Жауап: Бюджет қаражаты есебінен көтерме жәрдемақы беру, тұрғын үй сатып алуға және қүрылысына бюджеттік кредит беру әлеуметтік қолдау шаралары ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне беріледі. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы сұранысқа ие мамандықтар тізбесін тоқсан сайын келесі тоқсанның бірінші айының 10-күніне дейін бекітеді. Бюджет қаражаты есебінен көтерме жәрдемақы беру, тұрғын үй сатып алуға және қүрылысына бюджеттік кредит беру әлеуметтік қолдау шаралары ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне беріледі. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы сұранысқа ие мамандықтар тізбесін тоқсан сайын келесі тоқсанның бірінші айының 10-күніне дейін бекітеді. Бюджет қаражаты есебінен көтерме жәрдемақы беру, тұрғын үй сатып алуға және қүрылысына бюджеттік кредит беру әлеуметтік қолдау шаралары ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне беріледі. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы сұранысқа ие мамандықтар тізбесін тоқсан сайын келесі тоқсанның бірінші айының 10-күніне дейін бекітеді. Тізбе Бөрлі ауданы әкімдігінің ресми сайтында жарияланады . Әлеуметтік қолдау үш бағыт бойынша іске асырылады: 1)көтерме жәрдемақы ұсыну, 2)тұрғын үй салуға бюджеттік кредит ұсыну, 3)тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит ұсыну. Әлеуметтік қолдау шаралары "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына сәйкес көрсетіледі . Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі – ЭЦҚ) көмегімен немесе бір реттік парольмен куәландырылған Баспана Маркет жылжымайтын мүлік порталында (бұдан әрі – Портал) тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушіге Портал арқылы мынадай құжаттарды ұсынады: 1) көтерме жәрдемақы алған кезде: нысан бойынша өтініш ; білім туралы диплом (ақпараттық жүйеде ақпарат болмаған жағдайда); көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi; 2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде: нысан бойынша өтiнiш ; білім туралы диплом (ақпараттық жүйеде ақпарат болмаған жағдайда); көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi; неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік (ақпараттық жүйеде ақпарат болмаған жағдайда); Кредиттік бюродан есеп электрондық көшірмесі; 3) тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде: нысан бойынша өтiнiш ; білім туралы диплом (ақпараттық жүйеде ақпарат болмаған жағдайда); көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi; неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік (ақпараттық жүйеде ақпарат болмаған жағдайда); Кредиттік бюродан есеп электрондық көшірмесі. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 6 жұмыс күні. Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит алуға бір мезгілде өтініш беруге жол беріледі. "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасы . "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығы .

    Сұрақ

    Сұрақ: Жұмысынан айырылған жағдай бойынша әлеуметтік төлем кімдер ала алады?

    Жауап

    Жауап: Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемге міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдары бар азаматтар үміткер бола алады. Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемге міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдары бар азаматтар үміткер бола алады.Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемге міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдары бар азаматтар үміткер бола алады. Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемге міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдары бар азаматтар үміткер бола алады. Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің ұзақтығы 1 айдан 6 айға дейін құрауы мүмкін, төлемнің мөлшері - табыстың орташа айлық мөлшеріне және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты. Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемге құқығы бар адамдар оны тағайындау үшін жүгіне алады: 1)Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған кезде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына; 2)Адамды жұмыссыз ретінде тіркеу және «бір өтініш» қағидаты бойынша өтініш жасау кезінде тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына; 3)Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған кезде «электрондық үкіметтің» веб-порталына; 4) Жұмыссыз ретінде тіркелген болса Enbek.kz порталында Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем тағайындау үшін ұсыну қажет: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына, мансап орталығына: -өтініш -жеке басын куәландыратын құжат немесе қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігі -Enbek.kz порталына, «электрондық үкіметтің» веб-порталына азаматтың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш. Сілтеме НҚА: Казақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 113 және 114 баптары. Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау), тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және оны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидалары (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 237 бұйрығ)

    Сұрақ

    Сұрақ: Дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуіне байланысты біржолғы әлеуметтік көмекті қалай алуға болады?

    Жауап

    Жауап: Дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуіне байланысты азамат 6 ай ішінде біржолғы әлеуметтік көмекке өтініш қалдыра алады. Дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуіне байланысты азамат 6 ай ішінде біржолғы әлеуметтік көмекке өтініш қалдыра алады. Дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуіне байланысты азамат 6 ай ішінде біржолғы әлеуметтік көмекке өтініш қалдыра алады. Біржолғы әлеуметтік көмекті алу үшін дүлей апат салдарынан зардап шеккен азамат уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне келіп немесе мемлекеттік корпорация порталына электрондық түрде өтініш қалдыруы тиіс. (ww.egov.kz) Біржолғы әлеуметтік көмекті алу үшін дүлей апат салдарынан зардап шеккен азамат уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне келіп немесе мемлекеттік корпорация порталына электрондық түрде өтініш қалдыруы тиіс. (ww.egov.kz) (ww.egov.kz) Дүлей апат салдарынан зардап шеккен азаматтар төмендегі құжаттармен өтініш қалдыра алады: 1. жеке басын куәландыратын құжат (салыстыру үшін) 2. өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акті және/немесе құжатты ұсынады. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан сенімхат бойынша уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне немесе мемлекеттік корпорацияға нысан бойынша жазбаша өтінішпен немесе нысан бойынша порталға электрондық түрдегі өтінішпен жүгінеді. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттары тіркелген күннен бастап 8 жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытындысы негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады, егер: 1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған; 2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған; 3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артық болғанда әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту жүзеге асырылады; 4) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы; 5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады. Қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға құқылы. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспегенде, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінуге құқылы. Сілтеме НҚА: " Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығы.

    Сұрақ

    Сұрақ: Атаулы әлеуметтік көмекке кім құқылы?

    Жауап

    Жауап: Атаулы әлеуметтік көмекке (ӘЕК) құқылы жандар: жиынтық табысы ауданда белгіленген кедейлік шегінен аспайтын отбасылар және жалғыз тұратын адамдар; ҚР азаматтары, Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдік азаматтығы жоқ адамдар. Қазақстанда жан басына шаққандағы орташа айлық табысы кедейлік шегінен төмен азаматтарға (отбасыларға) атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көзделген. Көмек түрлері: 1.Шартсыз АӘК – жұмыс жасауға мүмкідігі болмаса: - 1 немесе 2 топ мүгедектігі; - созылмалы ауыру (2 айдан еңбекке жарамсыз болса); - 3 жасқа дейін бала күтімі, мүгедектігі бар баламен, қарт адам күтімімен. 2. Шартты АӘК – егер, белсенді жұмыспен қамту шараларына қатысатын отбасында еңбекке қабілетті мүшесі болса (оқу, қоғамдық жұмыс және т.б.). - Егерде еңбекке қабілетті мүшесінде тұрақты жұмысы болса жұмыспен қамту шараларына қатыспайды. Кайда жүгінуге болады? - Тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына; -Егер орталық болмаса – кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне; -онлайн - egov.kz портал арқылы. Қажет құжаттар - Жеке куәлік (паспорт, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, босқын куәлігі және т.б.); Мерзімі - өтініш қаралу - 15 жұмыс күн. -қызмет тегін көрсетіледі. -төлем жеке банктік шоттарға жүргізіледі. Бас тартуға негіздер - Отбасының жиынтық табысы кедейлік шегінен асып кетуі; - Отбасында еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамту шараларынан бас тартқан жағдайда ; -Табыс және отбасы құрамы туралы жалған мәлімет ұсыну. Бас тартқан жағдайда не істеу керек? -Мансап орталығының маманынан себебін анықтау; -Қажет кезде жоғарғы өкілетті органға шағымдану (жұмыспен қамту бөліміне, жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасына); - заңды кеңес алу үшін тегін құқықтық орталыққа жолығу. Қосымша кеңес алуға қайда жүгінуге болады? - Call-центр egov.kz: 1414 (тегін); - Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі; - Онлайн-чат egov.kz; - Құқықтық ақпарат порталы: adilet.zan.kz. Сілтеме НҚА: "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 227 бұйрығы.

    Сұрақ

    Сұрақ: «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша берілетін несие алу қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 (екі жарым) %-тен аспайды.Микрокредит мерзімі – 5 (бес) жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі – 7 (жеті) жылға дейін. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 443 бұйрығымен бекітілген Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру және лизинг қағидаларын бекіту туралы НПА-ға сәйкес номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 (екі жарым) %-тен аспайды. Микрокредит мерзімі – 5 (бес) жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі – 7 (жеті) жылға дейін, Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең микрокредит беру мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды. Негізгі талаптар: Ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтау шеңберінде микрокредиттер алу үшін жобаларды іріктеудің негізгі өлшемшарттары: 1) жобаның басым бағыттарға сәйкестігі; 2) тұрақты жұмыс орындарын құру; 3) жеке тұлғалар үшін – жобаны іске асыру жоспарланып отырған ауылдық елді мекенде немесе шағын қалада тұрғылықты жері бойынша кемінде 12 (он екі) ай (микрокредит алуға өтінім беру күніне) тұрақты тіркеудің болуы; дара кәсіпкерлер үшін/заңды тұлғалар үшін – жобаны іске асыру жоспарланып отырған ауылдық елді мекенде немесе шағын қалада дара кәсіпкердің/заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеудің болуы; 4) жаңа, бұрын пайдаланылмаған техниканы, жабдықты сатып алу. 5) БҚО ауылдық елді мекендерінде кемінде 12 ай тұру; 6) Кепіл қамтамасыз етудің (жылжымайтын мүлік) болуы; 7) Бұрын алынған бюджеттік кредиттер бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы; Бас тарту жағдайлары: 1) жеңіл автокөлік сатып алу; 2) ауыл шаруашылығы жануарларын жақын туыстарынан сатып алу; 3) кейіннен жалға беру үшін ғимараттарды, үй-жайларды, тұрғын үйлерді сатып алу және/немесе салу; Кепілге қойылатын мүлік түрі: Уәкілетті органда тіркелген жылжымалы және жылжымайтын мүлік; Қатысу мүмкіндігі адам санаттары: 1) жұмыссыздар; 2) дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелмей кіріс алу мақсатында тауарларды өндіру (өткізу), жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету жөніндегі қызметті өз бетінше жүзеге асыратын тұлғалар және (немесе) жұмыс істемей тұрған дара кәсіпкерлер; 3) отбасылық кәсіпкерлікте ақы төленбейтін қызметті жүзеге асыратын тұлғалар; 4) сату (айырбастау) үшін жеке қосалқы шаруашылықта өнім өндіру бойынша қызметті өз бетінше жүзеге асыратын, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен тұлғалар; 5) "Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметін жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы кооперативтері (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы кооперативі); 6) ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлер. Осы Қағидалар шеңберінде ауыл шаруашылығы техникасының және жабдығының лизингін алуға үміткерлер ауыл шаруашылығы кооперативтері болып табылады. Жауапты орган: "Aqjayiq" ӘКК" АҚ Сілтеме НҚА: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 443 бұйрығымен бекітілген Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру және лизинг қағидаларын бекіту туралы

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.