Атаулы әлеуметтік көмек көрсету. Атаулы әлеуметтік көмекке кімдер өтініш бере алады?

    sko-tayiynsha

    sko-tayiynsha·
    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмек көрсету. Атаулы әлеуметтік көмекке кімдер өтініш бере алады?

    Жауап

    Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi № 246 Заңына сәйкес өмiрлiк қиын жағдайға тап болған отбасылар мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш бере алады.

    Атаулы әлеуметтiк көмек (бұдан әрi — АӘК) — жан басына шаққандағы орташа табысы шектi мәннен аспайтын адамға немесе отбасына ақшалай нысанда берiлетiн төлем.

    Қазiргi уақытта Солтүстiк Қазақстан облысында АӘК көрсету үшiн шектi мән ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 70%-ын құрайды.

    Көмек өтiнiш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленедi.

    Отбасының әлеуметтiк жағдайына байланысты әлеуметтiк қолдаудың бұл түрi 2 түрге бөлiнедi: шартсыз және шартты.

    Шартсыз ақшалай көмек объективтi себептер бойынша (жасы, денсаулық жағдайы, мүгедектiгi, 3 жасқа дейiнгi балаларды күту) өздерiн табыспен қамтамасыз ете алмайтын отбасыларға ғана ұсынылады.

    Шартты ақшалай көмек құрамында кем дегенде бiр еңбекке қабiлеттi отбасы мүшесi бар аз қамтылған отбасыларға әлеуметтiк келiсiмшарт жасасқан және барлық еңбекке қабiлеттi азаматтар жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына мiндеттi түрде қатысқан жағдайда берiледi.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    АӘК алу үшiн қандай құжаттар қажет және қайда жүгiну керек?

    Жауап

    АӘК көрсету үшiн өтiнiш берушiге тек жеке куәлiгiн көрсету қажет. Көмектi тағайындау мемлекеттiк органдардың 24 ақпараттық жүйесiмен бiрiктiрiлген «Е-Халық» жүйесiнде жүргiзiледi, жоғарыда көрсетiлген жүйелерде өтiнiш берушiлер туралы ақпарат болмаған кезде халықты жұмыспен қамту орталықтарының мамандары деректердi нақтылау үшiн тиiстi мемлекеттiк органдарға сұрау салулар жiбередi. Адам жеке өзiнiң немесе отбасының атынан АӘК тағайындау үшiн тұрғылықты жерi бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ол болмаған жағдайда — кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiне жүгiнедi. Интернетке қолжетiмдiлiк және электрондық-цифрлық қолтаңба болған кезде өтiнiштi үйден шықпай-ақ «электрондық үкiмет» веб-порталында беруге болады (www.egov.kz).

    sko-tayiynsha·
    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорына тұрғын ұй алу үшін қалай есепке тұруға болады?

    Жауап

    67-бапқа сәйкес. «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер беру шарттары», «Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар осы елдi мекенде тұрақты тұратын, тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына пайдалануға берiледi. Қазақстан Республикасының азаматтарын республикалық маңызы бар қалаларда, астанада есепке қою үшiн кемiнде үш жыл тұрақты тұруы талап етiледi. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар тұрғын үйге мұқтаж және есепте тұрған: 1) Ұлы Отан соғысының ардагерлерiне; 1-1) жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; 1-2) "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелi "Ана даңқы" ордендерiмен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына берiледi. Азаматтардың аталған санаттарының жиынтық орташа айлық кiрiсi тұрғынжай беру туралы өтiнiш жасау алдындағы соңғы он екi айда отбасының әрбiр мүшесiне республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң 3,1 еселенген мөлшерiнен төмен болуға тиiс; 2) осы Заңның 68-бабының 1-1) — 5), 7,) 8), 10) және 11) тармақшаларында аталған, тұрғын үй беру туралы өтiнiш жасаудың алдында соңғы он екi ай iшiнде жиынтық орташа айлық табысы отбасының әрбiр мүшесiне республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 3,1 еселенген мөлшерiнен төмен болатын, халықтың әлеуметтiк жағынан әлсiз топтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына берiледi. Ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 3,1 еселенген мөлшерiндегi коэффициент мүгедек балаларға қолданылмайды; 3) мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлiкке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттiк орган қызметкерлерiне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға; 4) жалғыз тұрғын үйi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына берiледi. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға негiздер болған жағдайда азаматтар «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы филиалының Халыққа қызмет көрсету жөнiндегi Жамбыл ауданы бөлiмi арқылы тиiстi өтiнiшпен жүгiнуге құқылы. Сондай-ақ, қандай да бiр санатқа тиесiлi мәртебесiн растайтын электрондық құжаттар қоса берiле отырып, Egov.kz сайт арқылы өз бетiнше электрондық өтiнiм беруге болады. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрi — Заң) реттеледi. Заң.ың 74-бабына сәйкес, «Мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғынжай, … барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген кезден бастап тiзiмдерде белгiленген кезектiлiк тəртiбiмен берiледi». Кезектiлiк үйлердiң тапсырылуына қарай iлгерiлетiледi, бұл ретте тұрғын үй мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға тiзiмдермен белгiленген кезектiлiк тәртiбiмен берiледi.

    sko-tayiynsha·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.