Жұмысқа орналасу мәселесi бойынша қайда жүгiну керек
Жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғау шаралары ретiнде жұмыспен қамту туралы қолданыстағы заңнамамен мыналар қарастырылған: қолда бар бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру; еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзiмдi курстарда оқыту; бюджет қаражаты есебiнен еңбекақы төлеудi көздейтiн қоғамдық жұмысқа немесе әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру; кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту; 583400 теңгеге дейiн грант алу; жылдық 6% номиналды сыйақы мөлшерлемесiмен жеңiлдiктi несие беру (қалаларда 19 млн.теңгеге дейiн және ауылдық елдi мекендерде 7,3 млн. теңгеге дейiн) қарастырылған. Жұмысқа орналасуға жәрдем алу және осы шараларды алу шарттары мен мерзiмдерiн нақтылау үшiн өзiмен бiрге жеке куәлiгi болған жағдайда, жұмыс iздеушi тұрғылықты мекенжайы бойынша орналасқан Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгiне алады.