Студент бір колледжден екінші колледжге ауысуға құқылы ма?
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ № 19 бұйрығына сәйкес: Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша ақылы негізден оқуға ауыстыру оқу жылы ішінде осы оқу орнында орын босатылуына қарай жүзеге асырылады; Кәмелетке толмаған білім алушының ата-анасы немесе заңды өкілдері басқа тұрғылықты жеріне көшкен жағдайда растайтын құжаттарды ұсынған кезде оны демалыс кезеңінде ауыстыруға жол беріледі; Қалған жағдайларда білім алушыларды ауыстыру жазғы және қысқы демалыс кезеңінде жүзеге асырылады.