Жұмысқа орналасу мәселесi бойынша қайда жүгiну керек

    sko-akzhar

    sko-akzhar·
    Сұрақ

    Жұмысқа орналасу мәселесi бойынша қайда жүгiну керек

    Жауап

    Жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғау шаралары ретiнде жұмыспен қамту туралы қолданыстағы заңнамамен мыналар қарастырылған:

    • қолда бар бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру;
    • еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзiмдi курстарда оқыту;
    • бюджет қаражаты есебiнен еңбекақы төлеудi көздейтiн қоғамдық жұмысқа немесе әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру;
    • кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту;
    • 583400 теңгеге дейiн грант алу;
    • жылдық 6% номиналды сыйақы мөлшерлемесiмен жеңiлдiктi несие беру (қалаларда 19 млн.теңгеге дейiн және ауылдық елдi мекендерде 7,3 млн. теңгеге дейiн) қарастырылған.

    Жұмысқа орналасуға жәрдем алу және осы шараларды алу шарттары мен мерзiмдерiн нақтылау үшiн өзiмен бiрге жеке куәлiгi болған жағдайда, жұмыс iздеушi тұрғылықты мекенжайы бойынша орналасқан Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгiне алады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмек көрсету. Атаулы әлеуметтік көмекке кімдер өтініш бере алады?

    Жауап

    Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi № 246 Заңына сәйкес өмiрлiк қиын жағдайға тап болған отбасылар мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш бере алады. Атаулы әлеуметтiк көмек (бұдан әрi — АӘК) — жан басына шаққандағы орташа табысы шектi мәннен аспайтын адамға немесе отбасына ақшалай нысанда берiлетiн төлем. Қазiргi уақытта Солтүстiк Қазақстан облысында АӘК көрсету үшiн шектi мән ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 70%-ын құрайды. Көмек өтiнiш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленедi. Отбасының әлеуметтiк жағдайына байланысты әлеуметтiк қолдаудың бұл түрi 2 түрге бөлiнедi: шартсыз және шартты. Шартсыз ақшалай көмек объективтi себептер бойынша (жасы, денсаулық жағдайы, мүгедектiгi, 3 жасқа дейiнгi балаларды күту) өздерiн табыспен қамтамасыз ете алмайтын отбасыларға ғана ұсынылады. Шартты ақшалай көмек құрамында кем дегенде бiр еңбекке қабiлеттi отбасы мүшесi бар аз қамтылған отбасыларға әлеуметтiк келiсiмшарт жасасқан және барлық еңбекке қабiлеттi азаматтар жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына мiндеттi түрде қатысқан жағдайда берiледi.

    sko-akzhar·
    Сұрақ

    АӘК алу үшiн қандай құжаттар қажет және қайда жүгiну керек?

    Жауап

    АӘК көрсету үшiн өтiнiш берушiге тек жеке куәлiгiн көрсету қажет. Көмектi тағайындау мемлекеттiк органдардың 24 ақпараттық жүйесiмен бiрiктiрiлген «Е-Халық» жүйесiнде жүргiзiледi, жоғарыда көрсетiлген жүйелерде өтiнiш берушiлер туралы ақпарат болмаған кезде халықты жұмыспен қамту орталықтарының мамандары деректердi нақтылау үшiн тиiстi мемлекеттiк органдарға сұрау салулар жiбередi. Адам жеке өзiнiң немесе отбасының атынан АӘК тағайындау үшiн тұрғылықты жерi бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ол болмаған жағдайда — кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiне жүгiнедi. Интернетке қолжетiмдiлiк және электрондық-цифрлық қолтаңба болған кезде өтiнiштi үйден шықпай-ақ «электрондық үкiмет» веб-порталында беруге болады (www.egov.kz).

    sko-akzhar·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.