Алимент бойынша берешек қалай анықталады ?

    adilet-abai

    adilet-abai·
    Сұрақ

    Алимент бойынша берешек қалай анықталады ?

    Жауап

    "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" ҚР Заңының (бұдан әрі-заң) 99-бабына сәйкес алимент бойынша берешек мөлшерін сот орындаушысы өндіріп алу жүргізілмеген уақыт ішінде борышкер алатын нақты жалақыға (кіріске) сүйене отырып, шешімнің орындалатын жері бойынша айқындайды. Егер борышкер осы кезеңде жұмыс істемеген немесе оның жалақысын және өзге де табысын растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда, ай сайынғы төлемдер және (немесе) алимент бойынша берешек берешекті өндіріп алу кезіндегі Қазақстан Республикасындағы орташа айлық жалақының мөлшері негізге алына отырып айқындалады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Азаматтардың қандай санаты мемлекет кепілдік берген заң көмегін ала алады?

    Жауап

    Алимент өндіру, зейнетақы және жәрдемақы тағайындау, босқын немесе оралман мәртебесін алу мәселелері бойынша барлық жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ әкімшілік жауаптылыққа тартылатын, талап қоюшы азаматтық сот ісін жүргізетін, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандардың, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның, жәбірленушінің құқықтық ақпаратты тегін алуға құқығы бар.

    adilet-abai·
    Сұрақ

    Мемлекет кепілдік берген заң көмегін кім жүзеге асырады?

    Жауап

    Өз құзыреті шегінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін мемлекеттік органдар, нотариустар, жеке сот орындаушылары өтеусіз негізде көрсетеді. Сондай-ақ, өтеусіз негізде көрсетілетін және төлемді мемлекет бюджет қаражаты есебінен өтейтін адвокаттар.

    adilet-abai·
    Сұрақ

    Электрондық Апостиль қызметін қалай алуға болады?

    Жауап

    Порталда авторизациядан өтіп «Онлайн сұратым» батырмасын басыңыз. Өтінішті толтырыңыз және ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қойыңыз. Апостильденетін құжаттың скан-көшірмесін (құжат көшермесін сканерлеуге жол берілмейді) тіркеу қажет. Сканерленген құжат түпнұсқамен бірдей болу керек, мәтінді өшіріп, түзетулер енгізуге жол берілмейді. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы «Төлеу» батырмасын басып төлемақы жасау қажет. Төлемақы өткеннен кейін жеке кабинеттің «Қызмет алу тарихы» бөлімінде Сіздің өтінішіңіздің өңделіп, электронды апостиль мөрінің қойылғандығы туралы хабарлама немесе дәлелді бас тарту келеді. Апостиль мөрінің астында мемлекеттік органның электрондық парақшасының мекенжайына сілтеме орналасқан. Шет елдің құзыретті органы https :// egov.kz/ cms / kk /services/apostil/apostil сілтемесі арқылы тексере алады. Онлайн қызметтің бұл түрін алар алдында, «апостиль» электронды мөрінің сол шет мемлекетінің қабылдайтынын/қабылдамайтынын алдын-ала біліп алу қажет екенін ескертеміз

    adilet-abai·
    Сұрақ

    Борышкердің мүлкін өткізу кезектілігінің тәртібі қандай?

    Жауап

    Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы занының 72-бабына сәйкес жеке тұлғаның мүлкiне өндiрiп алуды қолдану кезiнде осы мүлiктi өткізу мынадай кезектілікпен жүзеге асырылады: 1) бірінші кезекте – бірінші кезектегі қажетті заттар болып табылмайтын мүлік, бағалы қағаздар, валюталық құндылықтар, бағалы металдар мен асыл тастар, зергерлік бұйымдар, декор және жайластыру заттары; 2) екінші кезекте – көлік құралдары, жылжымайтын мүлік (тұрғынжайдан басқа); 3) үшінші кезекте – тұрғынжай. Заңды тұлғаның мүлкіне өндіріп алуды қолданған кезде осы мүлікті өткізу мынадай кезектілікпен жүзеге асырылады: 1) бірінші кезекте – тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындауға немесе қызметтерді көрсетуге тікелей қатысы жоқ жылжымалы мүлік, оның ішінде дайын өнім (тауарлар), бағалы қағаздар, валюталық құндылықтар, бағалы металдар мен асыл тастар, зергерлік бұйымдар, декор және жайластыру заттары; 2) екінші кезекте – тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындауға немесе қызметтерді көрсетуге тікелей қатысы жоқ жылжымайтын мүлік; 3) үшінші кезекте – тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындауға немесе қызметтерді көрсетуге тікелей пайдаланылатын мүлік: өндірістік мақсаттағы жылжымайтын мүлік объектілері, шикізат, материалдар, станоктар, жабдықтар және басқа да негізгі құралдар. Осы баптың ережелері кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаның мүлкін өткізу кезінде оның жеке мүлкі мен кәсіпкерлік қызметте пайдаланатын мүлкі бойынша да қолданылады. Өндіріп алуды қолданудың нысанасы – борышкер кепіл немесе міндеттемені қамтамасыз ету ретінде берген мүлік болған, не тыйым салынған мүлікті кезектілік тәртібімен өткізу атқарушылық құжат талаптарының толық орындалуына әкелмейтін немесе осы Заңда белгіленген орындау мерзімдерін ұлғайтатын жағдайда, мүлікті өткізу кезектілігі өзгертілуі мүмкін. Сот орындаушысы аталған мән-жайды борышкердің мүлкін өткізуге беру туралы қаулыда көрсетеді, оған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

    adilet-abai·
    Сұрақ

    Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүргізу үшін заңмен қандай мерзім белгіленген ?

    Жауап

    Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (осындай құқықтардың ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу тіркеуші органға өтініш түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізілуге тиіс. Электрондық тіркеу құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы төленгені немесе ақы төлеуден босатылғаны туралы растау келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. Электрондық тіркеу жеделдетілген тәртіппен құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы төленгені немесе ақы төлеуден босатылғаны туралы растау келіп түскен кезден бастап екі сағат ішінде жүргізіледі.

    adilet-abai·
    Сұрақ

    Азаматтардың қандай санаты мемлекет кепілдік берген заң көмегін ала алады?

    Жауап

    Алимент өндіру, зейнетақы және жәрдемақы тағайындау, босқын немесе оралман мәртебесін алу мәселелері бойынша барлық жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ әкімшілік жауаптылыққа тартылатын, талап қоюшы азаматтық сот ісін жүргізетін, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандардың, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның, жәбірленушінің құқықтық ақпаратты тегін алуға құқығы бар.

    adilet-abai·
    Сұрақ

    Борышкерлерді Бірыңғай тізілімнен шығару рәсімі қалай жүргізіледі?

    Жауап

    "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы "ҚР Заңының (бұдан әрі-заң) 36-бабының талабына сәйкес борышкерді ҚР борышкерлерінің бірыңғай тізілімінен шығару Заңның 47-бабында көзделген негіздер бойынша атқарушылық іс жүргізу тоқтатылғаннан кейін және мерзімді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша берешек болмаған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы борышкерлерінің бірыңғай тізілімінен Заңның 48-бабында көзделген, ол атқарушылық құжаттың талаптарын орындаған кезде. Заңның 48-бабында көзделген негіздер бойынша аяқталған атқарушылық іс жүргізу бойынша атқарушылық құжат талаптарының орындалуы туралы мәліметтерді алған кезде сот орындаушысы үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға борышкерді ҚР борышкерлерінің бірыңғай тізілімінен шығару үшін тиісті ақпаратты жібереді.

    adilet-abai·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.