Мүмкін емес. Заң бойынша дауыс беру құпия болуы керек. Бұл дегеніміз, ешкім, тіпті жұбайы немесе жақын досы да толтырылған сайлаушылар бюллетенін көрмеуі керек. Алайда, бұл ережеден жалғыз ерекшелік бар: егер сайлаушының бюллетеньді өз бетінше толтыруға мүмкіндігі болмаса (әдетте, бұл қарт адамдар, көру қабілеті нашар адамдар), ол басқа сайлаушының көмегін пайдалануға құқылы:
1) сайлау комиссиясының мүшелерін;
2) жергілікті өкілді немесе атқарушы органның лауазымды адамдарын;
3) кандидаттың сенім білдірілген адамдарын;
4) журналист - бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін;
5) тиісті сайлау комиссиясында тіркелген байқаушыларын қоспағанда.