Тұрғын үйге қалай кезекке тұруға болады және қандай құжаттар қажет?
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге қою үшін сізге "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының ХҚКО (халыққа қызмет көрсету орталығы) арқылы электрондық кілт (ЭЦҚ) жасау қажет, одан кейін "еgov" порталы арқылы не ХҚКО (бұдан әрі-халыққа қызмет көрсету орталығы) арқылы өтінім бере аласыз. Егер құжаттар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына қайшы келмесе, онда сіз мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге тиісті санатқа мұқтаж ретінде кезекке қойыласыз.