Жамбыл облысында қанша туристік нысан бар?

    zhambyl-tourism-udalen

    zhambyl-tourism-udalen·
    Сұрақ

    Жамбыл облысында қанша туристік нысан бар?

    Жауап

    Облыс аумағында 3 335 тарих және мәдениет ескерткіштері орналасқан, оның ішінде 25 Республикалық маңызы бар объектілер, 3305 жергілікті маңызы бар ескерткіштер. 8 ескерткіш Қазақстанның киелі орындарының тізіміне енгізілді, 27 ескерткіш Қазақстанның микросакралдық картасына, үш ескерткіш - Қазақстанның өңірлік деңгейдегі туристік картасына, екі ескерткіш Еуразиялық экономикалық ынтымақтастық ұйымының аса туристік тартымды объектілерінің дүниежүзілік тізіміне және бес археологиялық ескерткіш - ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілді. Бұл Баласағұн, Құлан, Өрнек, Костөбе қалашықтары және Ақыртас сарай кешені. Сонымен қатар, облыс аумағында 200-ден астам ежелгі қалашықтар, сегіз ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар, ал тау бөктерінде 30-дан астам көркем шатқалдар бар. Егер негізгі туристік объектілердің саны 37 болса, қазір біз осындай объектілердің санын 65-ке дейін ұлғайттық, 45 жаңа туристік маршрут әзірленді, туристік өнімдердің саны 115 бірлікті құрайды.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.