- Вакцинация паспортында орыс тілінде көрсетілген ағылшын тіліндегі тегі мен аты жоқ
1414 байланыс орталығына хабарласып, сұранысты тіркеу қажет.
epirgo
Вакцинация паспортын таппадыңыз ба?
Құжат болмаған жағдайда, вакцинацияның екі кезеңінен өткеннен кейін цифрлық құжаттар сервисінде "Жаңарту" батырмасын басу қажет. Немесе сіз вакцина алған медициналық ұйымға хабарласуыңыз керек.
- Вакцинация паспортында орыс тілінде көрсетілген ағылшын тіліндегі тегі мен аты жоқ
1414 байланыс орталығына хабарласып, сұранысты тіркеу қажет.
- Вакцинация паспортында ағылшын тіліндегі медициналық ұйымның атауы орыс тілінде көрсетіледі, не істеу керек?
Сервисте «Цифрлық құжаттар» тізімі бетінде құжаттармен, жоғарғы оң жақ бұрышында «Жаңарту» батырмасын басу қажет.
- Көптеген адамдар 2-ші вакцинацияның күні мен уақыты туралы SMS алады, бірақ хабардар етілмегендер де бар.
SMS-хабарламалар мобильді азаматтар базасында мобильді нөмір болған кезде жіберіледі. Деректер базасында телефон нөмірі болмаған жағдайда SMS келмейді.
- Егер вакцинацияға жазылу өтінімі уақыт регламентінен артық өңделсе, не істеу керек?
Вакцинациялауға өтінім жіберілген медициналық ұйымға жүгіну қажет.
- Смартфоны жоқ пайдаланушыларға қалай болу керек, e-Gov арқылы ЭЦҚ арқылы вакцинация туралы ақпаратты көруге бола ма?
Вакцинациялаудың электрондық паспортын смартфон және онда алдын ала орнатылған «e-Gov mobile» мобильді қосымшасы болған кезде ғана алуға болады.
- Егер мен вакцинацияға жазылу кезінде қандай емхананы таңдағанымды ұмытып кетсем, оны қалай көруге болады?
Медициналық ұйымның атауын және вакцинациялауды жүргізу уақытын SMS-хабарламадан, сондай-ақ e-Gov жеке кабинетінде қызметті алу бетінен қарауға болады.
- Вакцинацияға жазылу кезінде мен басқа емхананы таңдадым, оны өзгерту мүмкін емес. Мерзім регламенті өтті жазбаны жоюға бола ма?
Қазіргі уақытта мұндай функционалдылық қарастырылмаған. Сіз алдын ала емхананың телефон нөмірі бойынша жазылып, вакцинациядан өту үшін қажетті емханаға жүгіне аласыз.
- Вакцинация туралы анықтаманы e-Gov порталынан алуға бола ма?
E-Gov-та вакцинация алу туралы анықтама беру қызметі жоқ. Анықтаманы вакцинация жүргізген медициналық ұйымнан алуға болады.