Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту тәртібі қандай?
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту тәртібі Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 49-1-бабымен реттелген. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге мүдделі жеке және заңды тұлғалар жер учаскесі орналасқан жер бойынша жергілікті атқарушы органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қағаз жеткізгіште не «электрондық үкімет» веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш береді. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім осы Жер кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес құрылатын комиссияның қорытындысы негізінде қабылданады.