Ғибадат үйін салу туралы шешімді алу үшін қандай құжаттар керек?

    zhetysu-architecture

    zhetysu-architecture·
    Сұрақ

    Ғибадат үйін салу туралы шешімді алу үшін қандай құжаттар керек?

    Жауап

    «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес келесі құжаттар қажет.

    1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) қойылған өтініш;

    2) тіркелген діни бірлестіктің басшысы қол қойған ғибадат үйін (ғимаратын) салу туралы еркін нысандағы электронды анықтама-негіздеме;

    3) ғибадат үйін (ғимаратын) салу жоспарланып отырған аумақта жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) ғибадат үйін (ғимаратын) салуға (жақын маңда ғибадат үйі (ғимараты) аумағымен шектесетін тұрғын үйлер болған жағдайда, келісетіні туралы электронды шешімінің көшірмесі.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Құрылыс жұмыстарын жүргізу қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    «Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен бекітілген) қағидалардың 22 тармағына сәйкес, Құрылыс жөніндегі жобаларды іске асыру жер учаскесіне тиісті құқығы негізінде және келесі кезеңдерде жүзеге асырылады: 1) құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды алу (құрылыс үшін жер учаскесімен бірге бастапқы материалдарды беруден басқа); 2) эскизді (эскиздік жобаны) әзірлеу және келісуден өткізу; 3) жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу (бұдан әрі – жобалау) және құрылыс жобаларын ведомстводан тыс кешенді сараптамадан (бұдан әрі – сараптама) өткізу; 4) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлау және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру; 5) салынған объектіні қабылдау және пайдалануға беру.

    zhetysu-architecture·
    Сұрақ

    Бас жоспардан көшірмені қалай және қайдан алуға болады?

    Жауап

    Бас жоспардан көшірмені жер телімі орналасқан аймақтың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын ауданның/қаланың жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелеріне өтініш жазу арқылы алуға болады.

    zhetysu-architecture·
    Сұрақ

    Басқармамен қандай Мемлекеттік қызметтер көрсетіледі?

    Жауап

    Облыстының сәулет және қала құрылысы басқармасы мемлекеттік қызметтің 3 түрін көрсетеді: Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасқан жерін айқындау туралы шешім беру; Ғимараттарды (құрылыстарды) ғибадат үйлеріне (құрылыстарына) қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту)туралы шешім беру; Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру. (облыстық маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату бойынша жұмыстар кешенін жүргізу).

    zhetysu-architecture·
    Сұрақ

    Сіздің басқарып отырған Басқарма облыс бойынша сәулет және қала құрылысы саласында қандай жұмыстар жүргізуде?

    Жауап

    Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады.

    zhetysu-architecture·
    Сұрақ

    Елді мекеннің бас жоспары дегеніміз не?

    Жауап

    Елді мекендердің бас жоспары (бұдан әрі – бас жоспар) – қаланы, кентті, ауылды не басқа тұғылықты жерлерді дамыту мен салуды кешенді жоспарлаудың, олардың аумағын аймақтарға бөлуді, жоспарлау құрылымы мен функционалдық ұйымдастыруды, көлік және инженерлік инфрақұрылымдар, көгалдандыру және абаттандыру жүйесін белгілейтін қала құрылысы жобасы.

    zhetysu-architecture·
    Сұрақ

    Бас жоспар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңының 25,26 бабтарына сәйкес қала және аудан әкімдіктерінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыретіне заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлген аудан және қала аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), ауылдық елдi мекендердiң бас жоспарларын iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiру жатады.

    zhetysu-architecture·
    Сұрақ

    Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы қандай аумақтарда әзірленеді?

    Жауап

    Қала құрылысы жобаларын (елді мекендердің бас жоспарлары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен құрылыс салу жобаларын) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларының (Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 505 бұйрығымен бекітілген) 11-тармағына сәйкес – егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары елді мекеннің бас жоспарында белгіленген жоспарлау құрылымы элементтеріне жəне қала құрылысы регламенттеріне сəйкес 10 гектардан кем емес алаңда əзірленеді.

    zhetysu-architecture·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.