Рекреациялық аймақ не үшін арналған?
Елді мекендердегі рекреациялық аймақтар халықтың демалу орындарын ұйымдастыруға және жайластыруға арналған және оған бақтар, орман саябақтары, саябақтар мен скверлер, хайуанаттар бағы, су айдындары, жағажайлар, аквапарктер, ландшафтық сәулет объектілері, өзге де демалыс және туризм орындары, сондай-ақ бос уақытты және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылыстар кіреді. Рекреациялық аймаққа елді мекеннің шекарасы (шегі) шегінде орналасқан қорғалатын табиғи объектілер енгізілуі мүмкін. Рекреациялық аймақтың аумағында рекреациялық аймақтың жұмыс істеуіне тікелей байланысты емес жаңа өнеркәсіптік, коммуналдық және қойма объектілерін, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды орналастыруға (салуға) және жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге жол берілмейді.