Қазақстанда Covid-19 қарсы вакцинация міндетті әрі мәжбүрлі ме?
departament-kkbtu-na-transporte
Сұрақ
Қазақстанда Covid-19 қарсы вакцинация міндетті әрі мәжбүрлі ме?
Жауап
Қазақстанда вакцинация ерікті болып табылады. ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 77-бабына сәйкес кез келген медициналық ем-шара, оның ішінде вакцинация егілетін адамның тек ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізіледі. Қазақстанда вакцинациядан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделмеген, кез келген қысым көрсету заңсыз болып табылады.