Кім адвокат бола алады ?

    adilet-kst

    adilet-kst·
    Сұрақ

    Кім адвокат бола алады ?

    Жауап

    Адвокат қызметі- азаматтардың құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделерін қорғау және әрекеттесу, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және әрекеттесу мақсатында «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы » Заңмен белгіленген тәртіпте адвокаттар кәсіби негізде көрсететін білікті заңдық көмек.

    Қазақстанда мынадай азаматтар адвокат бола алады:

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    AdiletGov қосымшасы жеке сот орындаушысы мен өзара іс-қимылды қалай жеңілдетеді?

    Жауап

    Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жағдайында азаматтардың уәкілетті органдармен және лауазымды тұлғалар мен өзара іс-қимылының қолжетімділігі мен ыңғайлылығы ерекше маңызға ие. Осы тұрғыда AdiletGov мобильді қосымшасы атқарушылық іс жүргізу саласында да кеңінен қолданылуда. AdiletGov қосымшасы азаматтарға атқарушылық іс жүргізулер туралы өзекті ақпаратты электрондық формата алуға мүмкіндік береді. Қосымша арқылы қозғалған атқарушылық істердің бар-жоғын, олардың ағымдағы мәртебесін, берешек сомасын, сондай-ақ қолданылған мәжбүрлеп орындату шараларын, соның ішінде тыйым салулар мен шектеулерді көруге болады. Қосымшаның маңызды мүмкіндіктерінің бірі — жеке сот орындаушысына (ЖСО) тікелей өтініш жолдау. Бұл өзара іс-қимыл форматы атқарушылық іс жүргізу тараптарына сот орындаушысының кеңсесіне жеке бармай-ақ, өтініш жолдауға мүмкіндік беріп, уақытты үнемдеуге және байланыс процесін жеңілдетуге жағдай жасайды. AdiletGov қосымшасы арқылы жолданған өтініштер заңнамада белгіленген мерзімде, яғни бес жұмыс күні ішінде жеке сот орындаушысы тарапынан қаралады. Өтінішті электрондық формата жолдау оның тіркелуін және қаралу мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз етіп, атқарушылық іс жүргізудің ашықтығы мен тиімділігін арттырады. AdiletGov қосымшасын пайдалану қағаз құжат айналымын қысқартуға, ақпараттың қолжетімділігін арттыруға және азаматтар мен жеке сот орындаушылары арасындағы электрондық өзара іс-қимылды дамытуға ықпал етеді. Қосымша атқарушылық іс жүргізу қатысушыларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған заманауи әрі ыңғайлы құрал болып табылады.

    adilet-kst·
    Сұрақ

    ММИБ төрағасын қайта сайлау қалай жүргізіледі?

    Жауап

    ММИБ төрағасын өзгерту «Басшынының өзгергені туралы хабарлама» қызметі арқылы «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық хабарлама беріледі. Бұл ретте электрондық хабарлама беру кезінде құжаттардың көшірмелері (хаттама, шешім және т.б.) қоса берілмейді.

    adilet-kst·
    Сұрақ

    Қоғамдық бірлестікті тіркеу үшін міндетті түрде меншік иесінің нотариалдық келісімін немесе заңды тұлғамен жалдау шартын ұсыну қажет пе?

    Жауап

    Ғимарат иесі жеке тұлға болған жағдайда меншік иесінің нотариалды келісімі, меншік иесі заңды тұлға болған жағдайда жалдау шартын немесе өзге де құжаттарды міндетті түрде ұсыну қажет.

    adilet-kst·
    Сұрақ

    Мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер

    Жауап

    Мемлекеттік қызметшінің құқығы жоқ: 1) Өкілді органның депутаты болуға; 2) Педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа ақылы қызметпен айналысуға; 3) Егер коммерциялық ұйымды басқаруға тікелей қатысу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның лауазымдық өкілеттігіне кірмесе, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, оның ішінде оның ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан коммерциялық ұйымды басқаруға, қатысуға.

    adilet-kst·
    Сұрақ

    Өтініш неше күн ішінде қаралады?

    Жауап

    Осы өтінішті қарау өкілеттігіне кірмейтін әкімшілік органға, лауазымды адамға келіп түскен өтініш келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде әкімшілік рәсімге қатысушыны бір мезгілде (хабардар ете отырып) уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберіледі. Шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап жиырма жұмыс күнін құрайды және 2 айға дейін ұзартылуы мүмкін. Өтініштерді, сұрауларды, жауаптарды, ұсыныстарды, хабарламаларды қарау мерзімі 15 жұмыс күнін құрайды.

    adilet-kst·
    Сұрақ

    Қазақстанда Мемлекеттік қызметке қалай түсуге болады?

    Жауап

    Мемлекеттік қызметке алғаш рет кіретін немесе жаңадан кіретін азаматтар іріктеудің келесі кезеңдерінен өтеді: Мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тестілеу; Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеу; Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс. Мемлекеттік тілді және ҚР заңнамасын білуіне арналған тестілеу. Бұл сынақтарды алдын-ала тапсыруға болады, олардың жарамдылық мерзімі-1 жыл. Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарды қолма-қол тәртіппен, почта арқылы немесе хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электрондық түрде не "Е-gov" электрондық үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде ұсынады. Ережеге сәйкес мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді мемлекеттік тілді және ҚР заңнамасын білуіне тестілеу үш бағдарламадан тұрады. Сіз таңдаған лауазым санатына сәйкес бағдарламаны таңдауыңыз керек. Осы тестілеуден өту жөніндегі нұсқаулықпен МҚІА сайтында танысуға болады.

    adilet-kst·
    Сұрақ

    Кім заң консультанты бола алады?

    Жауап

    Жоғары заң білімі бар, заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар, аттестаттаудан өткен, заң консультанттары палатасының мүшесі болып табылатын және заң көмегін көрсететін жеке тұлға заң консультанты болып табылады. Заң консультанты заң көмегін дара кәсіпкерлік түрінде жеке практикамен айналыса отырып не дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеусіз, сондай-ақ заңды тұлғамен еңбек шарты негізінде өзі дербес көрсете алады.

    adilet-kst·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.