- БЦЖ вакцинасы дегеніміз не ?
- Жасанды ортада арнайы өсіріле отырып, адамдар үшін қауіпсіз, тірі,бірақ сиырдыңәлсізтуберкулез таяқшасының штаммынан дайындалғантуберкулезге қарсы вакцина. Штамдар вакцинаға туберкулездің дамуына қатысты тиісті тиімділік беру үшін жеткілікті күшті антигенділікті сақтайды. Туберкулездің белсенді спецификалық профилактикасы дені сау нәрестелерді дүниеге келген соң 3-7 күніневакцинациялау, 7 және 14 жастағы балаларды ревакцинациялау.
- БЦЖ тиімділігі неде?
- Егілгендерде туберкулезбен сырқаттанушылықты төмендету
-Аурудың ауыр түрлерінің және жұқтырудың қауіпті формаларының дамуын төмендету (менингит, милиарлы туберкулез, казеозды пневмония)
- Бастапқы формалар асқынусыз, тез өтеді, нәтижесі қолайлы болады
-Сырқаттану пайызын айтарлықтай төмендету, сырқаттанушылық неғұрлым егде жасқа ауысады.
- БЦЖ негізгі қолдану процессі?
- Туберкулезге қарсы вакцинация. Тері ішіне енгізу ұсынылады. БЦЖ вакцинациясы Манту сынамасына жалған оң реакция беру мүмкін, әсіресе айқын реакция, әдетте, аллергия жағдайларын қоспағанда, ауруды көрсетеді.
- Егер БЦЖ вакцинациясы перзентханада жүргізілмеген болса, оны қайда алуға болады?
- Перзентханада БЦЖ вакцинациясы жүргізілмеген балалар МСАК ұйымдарында вакцинацияланады, бұл ретте екі айға дейін вакцинация алдын ала туберкулинодиагностикасыз, ал екі айдан кейін – Манту сынамасы теріс болған кезде жүргізіледі.
- Егер баланың анасы туберкулезбен ауырса салдары қандай болады?
- Егер баланың анасы туберкулездің белсенді түрімен ауырса, онда бала химиопрфилактика алу үшін 3 айға оқшауланады, содан кейін Манту сынамасы теріс болған жағдайда БЦЖ вакциналарыменегіледі және иммунитет қалыптастыру кезеңінде анадан тағы 2 айға оқшауланады.
- Перзентханада БЦЖ екпесі егілді, қазір бала 1 ай, пустула 5мм және қолтық асты лимфа түйіні 0,5 мм, асқыну болып саналады ма?
- Жаңа туған нәрестеде БЦЖ егуден кейін 4-6 аптадан кейін пастуланың пайда болуы қалыпты егу реакциясы болып табылады. Егер оның мөлшері 5-10 мм болса, бұл асқыну болып саналмайды.
- Манту реакциясы дегеніміз не?
- Бұл организмнің енгізілген антигеннаммикробактерияларға сезімталдығын анықтауға бағытталған диагностикалық зерттеу.
- Егер флюорография жүргізілсе, не үшін тері сынамаларын жүргізу керек?
- Иммунодиагностика туберкулез жағдайлары үшін фтизиатр дәрігерінде профилактикалық бақылау үшін қауіп-қатер топтарын құруға мүмкіндік береді.