Ішкі / халықаралық рейстерге билеттерді қайтаруды қалай ресімдеуге болады?
Билетті қайтаруды жүзеге асыру үшін сатып алу орны бойынша билетті қайтаруға өтінім беру қажет (авиакомпания сайты, авиакомпания кеңселері, делдалдар, туристік агенттіктер).
aviation
Қайтарылмайтын тариф бола ма?
Иә, болады. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV Заңының 8-1-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, қайтарылмайтын тарифтер бойынша авиабилеттерді сатып алу шарт жасасу кезінде тұтынушылардың құқықтарын бұзатын және (немесе) кемсітетін шарт болып табылмайды.
Ішкі / халықаралық рейстерге билеттерді қайтаруды қалай ресімдеуге болады?
Билетті қайтаруды жүзеге асыру үшін сатып алу орны бойынша билетті қайтаруға өтінім беру қажет (авиакомпания сайты, авиакомпания кеңселері, делдалдар, туристік агенттіктер).
Багаж құрамы жоғалған/бүлінген/ жетіспеген кезде маған не істеу керек?
«Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 540 бұйрығының 4-тармағының 73-тармақшасына сәйкес, багажды жеткiзу кiдiртілген, ол жетiспеген, зақымданған (бұзылған) немесе жоғалған, сондай-ақ багаж түбiртегi мен багаждық нөмiр белгiсiнiң үзбелi талонын ұсынусыз багаж берiлген жағдайда тасымалдау кезiндегi ақаулар туралы акті жасалады, оған багажды алушы адам мен авиакомпания қол қояды. Ақаулар туралы акт жасау қажет.
Рейстің кешігуі кезінде қандай қызметтер қарастырылған?
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 86-бабына сәйкес, тасымалдаушының кінәсінен рейс орындалмаған немесе кідіртілген немесе әуе кемесінің кеш келуі, тасымалдау маршрутының өзгеруі салдарынан рейс кідірген, орындалмаған кезде тасымалдаушы жолаушылар үшін жөнелту пункттері мен аралық пункттерде мынадай: жолаушыға ана мен бала бөлмесін ұсыну (болған кезде); рейстің жөнелтілуін екі сағаттан аса күткен кезде ұзақтығы бес минуттан аспайтын екі телефон қоңырауын шалу, оның ішінде халықаралық байланыс желісі бойынша қоңырау шалу немесе электрондық почта арқылы екі хабарлама жіберу; рейстің жөнелтілуін екі сағаттан аса күткен кезде салқындатылған сусындармен қамтамасыз ету; рейстің жөнелтілуін төрт сағаттан аса және әрі қарай күткен кезде: күндізгі уақытта - әрбір алты сағат сайын; түнгі уақытта әрбір сегіз сағат сайын ыстық тамақпен қамтамасыз ету; рейстің ұшуын күндізгі уақытта сегіз сағаттан аса және түнгі уақытта алты сағаттан аса күткен кезде тасымалдаушы ұсынған қонақ үйге орналастыру; қонақ үй қосымша ақысы алынбай ұсынылатын жағдайда тасымалдаушы ұсынған көлікпен әуежайдан қонақ үйге дейін және кері қарай жеткізу қызметтерін көрсетуді ұйымдастыруға міндетті.