Мемлекеттік гарнт кімге және қанша көлемде(суммада) беріледі?
Мемлекеттік грантты бастапқы бизнесті іске асыруды жоспарлайтын немесе іске асырып жатқан «Еңбек» бағдарламасына қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі. Грант көлемі: 200 айлық есептік көрсеткіш. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткен немесе «Еңбек» бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде қысқа мерзімді оқуды аяқтаған және бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде гранттар алмаған «Еңбек» бағдарламасының қатысушылары мемлекеттік гранттарды алуға үміткерлер болып табылады. Мемлекеттік гранттар қажетті инвентарьді, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықты, малды, құстарды сатып алуға пайдаланылады. Қайда шағымдану қажет: тұрғылықты мекен-жайы бойынша жұмыспен қамту оралықтарына. Қандай құжаттар қажет: жеке басын куәландыратын құжат, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқуды бітіргендігі туралы сертификат немесе қысқа мерзімді оқыту курстарынан өткені туралы сертификат.