Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі-заң) сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйлер немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлер тұрғын үйге мұқтаж және есепте тұрған, осы елді мекенде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына пайдалануға беріледі, коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді есепке қою кезінде және беру сәтінде осы елді мекенде тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйі жоқ және Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғын үйі жоқ:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға, көп балалы отбасыларға;
әлеуметтік осал топтарына әлеуметтік 1-1) – 5), 7), 8), 10) және 11) тұрғын үй беру туралы өтініш жасаудың алдында соңғы он екі ай ішінде жиынтық орташа айлық табысы бар отбасының әрбір мүшесіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен Заңның 68-бабына сәйкес жүзеге асырылады. Ең төмен күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінің коэффициенті мүгедек балаларға қолданылмайды;
мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға;
жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі.
Заңға сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарға кезектілік тәртібімен беріледі.
Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алуға бірінші кезекте Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар ие болады.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, қолданыстағы тұрғын үй заңнамасын ескере отырып, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй тізімдермен белгіленген кезектілік тәртібімен беріледі.