Тұрғын үй алу үшін қалай кезекке тұруға болады

    Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы Миролюбовка ауылдық округі әкімінің аппараты

    Сұрақ

    Тұрғын үй алу үшін қалай кезекке тұруға болады

    Жауап

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Жер қатынастары саласында электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету

    Жауап

    Қазіргі уақытта қазіргі заманғы талаптарға сәйкес мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған Асыл бастамалар іске асырылуда. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету Қағидалары бекітілді. Осы Қағидалармен мемлекеттік қызметтердің 6 түрі толық электрондық түрге ауыстырылды. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсетудің негізгі құралы электрондық үкімет порталы немесе электрондық лицензиялау болып табылады (www.elicense.kz). Көрсетілетін қызметті алушының "электрондық үкімет" веб-порталындағы "жеке кабинет" арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметті алуға электрондық өтінім беру үшін ЭҮП сілтемесі бойынша өту қажет. Бұдан әрі ЖСН арқылы пайдаланушының жеке кабинетіне кіру жүзеге асырылады. Қызмет бөлімін таңдау бөлігінде қажетті тармақ таңдалады. Әрі қарай, барлық әрекеттер нұсқаулыққа сәйкес дәйекті түрде орындалады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі. Мемлекеттік қызметті электрондық түрде алудың тиімділігі: мемлекеттік қызметті алуға байланысты ақпаратты алудың қолжетімділігінде; мемлекеттік қызметті алу рәсімін оңайлатуда; мемлекеттік қызметті алуға байланысты уақытша шығындарды азайтуда; азаматтың өтініші бойынша жұмыстың үздіксіздігінде оның хабардар болуында; мемлекеттік қызметті үйден немесе жұмыс компьютерінен ұсыну туралы өтініш беру мүмкіндігінде; көрсетілетін қызметті берушіге жеке жүгінген кезде туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуда. Мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында Сіздерді жер қатынастары саласында белсенділік танытуға және "электрондық үкімет" веб-порталы немесе электрондық лицензиялау арқылы мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алуға шақырамыз (www.elicense.kz).

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.