АӘТ алушылары зиянды жағдайларда жұмысын жалғастыра ала ма?

    enbek-uko

    enbek-uko·
    Сұрақ

    АӘТ алушылары зиянды жағдайларда жұмысын жалғастыра ала ма?

    Жауап

    Жоқ. АӘТ еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмысшыларды қорғау құралдарының бірі болып табылады. Алайда, АӘТ алушы енді еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналыса алмайды.

    Алушының таңдауына мынадай әрекеттердің үш түрі бар:

    1) жұмыс берушімен келісу бойынша еңбек жағдайлары зиянды емес басқа жұмысқа ауысуды ресімдеу;

    2) кәсіпорыннан тыс еңбек жағдайлары зиянды емес басқа жұмысқа өз бетінше орналасу;

    3) еңбек қызметін жалғастырмау.

    Осылайша, АӘТ жұмысшыларға 55 жаста еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысуды тоқтатуға мүмкіндік береді.

    Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын адамдарды қорғаудың осыған ұқсас схемалары көптеген елдерде қолданылады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Жұмыскерлерге АӘТ құрамдас бөліктерінің бірі уақтылы төленбеген жағдайда, мысалы, жұмыс берушінің қаражаты есебінен 1 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде кәсіптік төлем, әкімшілік сипаттағы қандай шаралар қолданылады?

    Жауап

    бүгінгі күні бұл тәртіп реттелді. Жұмыскер еңбек инспекциясына шағыммен жүгінуге құқылы. Инспектор тексеру қорытындысы бойынша жұмыс берушіге тиісті төлемдерді уақтылы төлеу қажеттілігі туралы ұйғарым береді (мысалы, жалақы, жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлем және т.б.). Жұмыс беруші ұйғарымды орындамаған жағдайда, мемлекеттік еңбек инспекторы материалдарды мәжбүрлеп орындау үшін сотқа жібереді.

    enbek-uko·
    Сұрақ

    Санаторий-курорттық емдеуге арналған шығындарды өтеу шарттары қандай?

    Жауап

    Жұмыскерге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен бастапқы айрылу белгіленген кезде жұмыс беруші сақтандыру туралы шарт жасасқан сақтандыру компаниясы зардап шеккен жұмыскерді санаторий-курорттық емдеуге жұмсалған шығыстарды 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде төлейді. Аталған сомадан асып кеткен жағдайда айырманы жұмыскер төлейді.

    enbek-uko·
    Сұрақ

    Егер адам АӘТ (республикалық бюджеттен, БЖЗҚ) ала отырып, еңбек жағдайлары зиянды жұмысқа орналасса, оның АӘТ алуға құқығы бола ма?

    Жауап

    егер адам еңбек жағдайлары зиянды жұмысқа орналасса, бұл ретте бұрын өзінің АӘТ алу құқығын іске асырса, онда төлемдер автоматты түрде тоқтатылады.

    enbek-uko·
    Сұрақ

    Қандай оңалту іс-шараларын төленген сақтандыру сыйлықақысының 6 %-ына дейін ӨСК өтеуге тиіс?

    Жауап

    Сақтандыру ұйымдары зардап шеккен жұмыскерді қалпына келтіру шығындарын өтейді, атап айтқанда: - қалпына келтіру және реконструктивті терапия (ортодонтия, имплантация, бетті және басқа бөліктерді қайта құру және т. б.); - сауықтыруға және шығыстар (ТМККБК және МӘМС көзделмеген); - әлеуметтік-психологиялық оңалту (психологиялық түзетуді, қолдау мен көмекті ұйымдастыру); - кәсіптік және еңбекті оңалту (жаңаларын қалыптастыру немесе жоғалған еңбек және кәсіптік дағдыларды қалпына келтіру).

    enbek-uko·
    Сұрақ

    Еңбекті қорғау жөніндегі қандай алдын алу іс-шараларын ӨСК төленген сақтандыру сыйлықақысының 6%-на дейін өтеуге тиіс?

    Жауап

    Алдын алу шараларына, яғни жұмыскерлердің денсаулығына зиян келтірмеуге және қаза табуына жол бермеуге бағытталған шараларға мыналар жатады: - жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде оқыту және олардың біліктілігін арттыру; - кәсіби тәуекелдерге бағалау жүргізу; - медициналық тексерулер жүргізу; - ЕҚ және ТҚ бойынша кабинеттерді жарақтандыру (стендтер, әдістемелік және көрнекі материалдар сатып алу); - нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеу және т. б.

    enbek-uko·
    Сұрақ

    Құқық туындаған кезде еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналыспайтын адамдарға АӘТ қалай төленеді?

    Жауап

    55 жасқа толған еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналыспайтын, бірақ жеті жыл ішінде МКЗЖ аударылған адамдар АӘТ-ны екі көзден: республикалық бюджеттен және БЖЗҚ-дан алуға құқылы.

    enbek-uko·
    Сұрақ

    2024 жылы зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істейтін жұмыскерлерге арнаулы әлеуметтік төлем енгізіледі. Бұл кімге әсер етеді?

    Жауап

    Мемлекет басшысы 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында 55 жастан бастап зейнеткерлік жасқа толғанға дейін зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істейтін жұмыскерлерге арнаулы әлеуметтік төлем енгізуді тапсырды. Арнаулы әлеуметтік төлемдерді (бұдан әрі – АӘТ) енгізу еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын адамдар үшін олар 55 жасқа толған және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу фактісі кемінде 7 жыл болған кезде көзделген. АӘТ төрт қаржыландыру көзінен: - ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 еселенген мөлшерінде республикалық бюджеттен; - Үкіметтің қаулысымен бекітілген тәртіппен, қолда бар зейнетақы жинақтарын ескере отырып БЖЗҚ-дан; - 1 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде өмірді сақтандыру компанияларынан; - 1 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде жұмыс берушілердің қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады. Төлемнің орташа мөлшері шамамен 208 мың теңгені құрайды. Жұмыскер оны зейнеткерлік жасқа толғанға дейін алады. Зейнетақы тағайындалғаннан кейін АӘТ төлеу тоқтатылады. БЖЗҚ деректері бойынша, аталған параметрлерге сәйкес келетін азаматтар саны 2024 жылы – 37 097, 2025 жылы – 42 287, 2026 жылы – 47 182 адамды құрайды.

    enbek-uko·
    Сұрақ

    2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақымен әлеуметтік төлемдерді, жәрдемақыларды арттыру туралы

    Жауап

    «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы жобасына сәйкес 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап : Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 692 теңге мөлшерінде; Ең төменгі зейнетақы - 57 853 теңге; Ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) - 43 407 теңге; Базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 28 215 теңге. Жасы және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап алынатын мөлшерден 9 % - ға арттырылды. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына байланысты жаңадан тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 55 АЕК-ні (203 060 теңге) құрады. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 205-бабына сәйкес ЕТКД-нің жаңа мөлшеріне пайыздық қатынаста белгіленді. Мәселен, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болғанда немесе болмағанда тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 65 пайызы (60 пайыздың орнына) мөлшерінде, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан артық әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға арттырылады , бірақ ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 105 пайызынан аспайтын мөлшерде беріледі. Бұл жаңа тағайындалған зейнеткерлерге және 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетке шыққандарғада қатысты. Мүгедектігіне және асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері , оның ішінде Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында тұратын және түзеу мекемелерінде орналасқан адамдар үшін Кодексінің 177 және 236-баптарында көзделген мөлшерде 2024 жылғы 1 қаңтарда ЕТКД мөлшерінің ұлғаюына байланысты (43 407 теңге) жоғарылды. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) еңбекке қабілеттілігінен айырылу (бұдан әрі – ӘТеа) және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшері «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2024 жылғы 1 қаңтарынан бастап арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 19 қазандағы № 925 қаулысына сәйкес 2024 жылы 1 қаңтарынан бастап 7 % артты. Бұдан басқа Кодексінің 85-бабының 2-тармағына сәйкес ала күтіміне байланысты ай сайынғы әлеуметтік төлемнің мөлшері осы Кодекстің 76-бабына сәйкес ұсталуға жататын міндетті зейнетақы жарналарын қосымша есептей отырып, осы Кодекстің 82-бабына сәйкес бала туу кезектілігіне қарай белгіленген бала күтіміне байланысты жәрдемақының мөлшерінен кем болмады. Осыған байланысты, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап бала бір жарым жасқа толғаннан кейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшері міндетті зейнетақы жарналарының қосымша есептелуін ескере отырып, бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақының мөлшерінен кем болады. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап АЕК мөлшерінің артуына байланысты келесі жәдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің мөлшері артты: №1 және №2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылар, жерлеуге біржолғы төлем, бала тууға байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы, ай сайынғы бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақы, ай сайынғы бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау, Кодексінің 190-бабының 3-тармағының 1)-17) тармақтарында қарастырылған арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарға және жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына тағайндалған, бірақ төленбеген бірреттік ақшалай өтемақы. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмектің мөлшері 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен инфляция деңгейіне - 7% (әлеуметтік-экономикалық Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 мамырдағы отырысында мақұлданған Қазақстан Республикасының 2024-2028 жылдарға арналған даму туралы №9 хаттама) . 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕТКД мөлшерінің артуына байланысты мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы және бірінші топ мүгедектігі бар адамға күтімді жүзеге асыратын адамға мемлекеттік жәрдемақы мөлшері көтерілді.

    enbek-uko·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.