Құрылысқа қатысушылардың міндеттері заңнамалық деңгейде бекітілген бе?
Объектілерді пайдалануға комиссиялық қабылдау алып тасталғанын ескере отырып, құрылыс объектілерін бақылау жүйесі реформаланды және құрылыс процесіне қатысушылардың міндеттері мен құқықтары анықталған, атап айтқанда: - мердігерлік компанияның жеке өндірістік бақылауды міндетті жүзеге асыру жөніндегі міндеті; - мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының сұрау салуы бойынша мердігерлік компанияның орындалатын (орындалған) құрылыс-монтаж жұмыстарының және қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдар мен конструкциялардың сапасына зерханалық бақылау жүргізу міндеті; - тапсырыс берушінің құрылыста техникалық және авторлық қадағалаудың міндетті түрде сүйемелдеуі жөніндегі міндеті; - техникалық және авторлық тұрақты негізде құрылыс объектісін қадағалауды қамтамасыз ету, тапсырыс беруші мен Мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау органдарына олардың берген нұсқамаларын орындамау туралы хабардар ету бойынша міндеті.