Баспана алу үшін кезекке тұру әдісі?

    zhetysu-karatal-aitu-bi

    zhetysu-karatal-aitu-bi·
    Сұрақ

    Баспана алу үшін кезекке тұру әдісі?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67 бабына сәйкес, Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу оған мұқтаж, осы елдi мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалатын табысы аз топтарына жататын азаматтарына берiледi. Осы Заңның 68 бабына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын 11 тобына (мүгедектер және Ұлы Отан соғысының ардагерлері, І және ІІ топтағы мүгедектер, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылары, кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар, жетім балалар, репатрианттар, оралмандар, көп балалы отбасылар және толық емес отбасылар) жатады. Заңның 69 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж деп танылатын Қазақстан Республикасының азаматтары 1 тармақшасына сәйкес есепке қойған кезде және коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында олардың тұрғын үйі болмаған кезде танылады. Жоғарыда аталған топтардың біріне жататын болсаңыз, «Қаратал ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ мамандарынан кеңес алып, құжаттарды ХҚКО тапсыруыңызға болады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 72 бабына сәйкес егер азаматтың соңғы бес жылдың iшiнде өз тұрғын үй жағдайларын қасақана нашарлатуы салдарынан мұқтажға айналғаны анықталса тұрғын үй кезегіне қоюдан бас тартылатынын хабарлаймыз.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.