Қоғамдық тыңдаулар хаттамасының мерзімі қандай?

    mangystau-eco

    mangystau-eco·
    Сұрақ

    Қоғамдық тыңдаулар хаттамасының мерзімі қандай?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 96-бабының 1-тармағына сәйкес, Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыру басталғанға дейін немесе жүзеге асыру процесінде қоғамдық тыңдауларды өткізу міндетті болып табылады.

    Қоғамдық тыңдаулар мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу процесі басталғанға дейін аяқталған жағдайда, мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізуге арналған өтініш немесе экологиялық рұқсат беруге арналған өтініш қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қоғамдық тыңдаулардың хаттамасына қол қойылған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей жіберілуге тиіс.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Әсер етуге экологиялық рұқсаттардың мерзімі қандай?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 120-бабының 5-тармағына сәйкес, Әсер етуге арналған экологиялық рұқсаттар қолданыстағы экологиялық рұқсатта көрсетілген экологиялық шарттардың өзгертілуін талап ететін қолданылатын технологиялар өзгергенге дейінгі, бірақ он жылдан аспайтын мерзімге беріледі.

    mangystau-eco·
    Сұрақ

    Декларацияны тапсыру мерзімдері қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 110-бабына сәйкес, ІІІ санаттағы объектілерде қызметті жүзеге асыратын тұлғалар (бұдан әрі – декларант) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органына қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны ұсынады. Қоршаған ортаға әсер ету туралы декларация жазбаша нысанда немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжат нысанында Электрондық үкімет» веб-порталының www.egov.kz ( https://elicense.kz/ ) ақпараттық жүйесі арқылы ұсынылады.

    mangystau-eco·
    Сұрақ

    Бұрын қолданысқа берілген объектілердің санатын қалай анықтауға болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 418-бабының 3-тармағына сәйкес, 2021 жылғы 1 шілдеге дейін пайдалануға берілген объектілердің немесе 2021 жылғы 1 шілдеге дейін өздеріне қатысты мемлекеттік экологиялық сараптаманың немесе кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындылары берілген, 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес арнайы табиғат пайдалану субъектілері болып танылған, пайдалануға берілмеген объектілердің операторлары тиісті объектілерді осы Кодекстің ережелеріне сәйкес І, ІІ, III және IV санаттарға жатқызу мақсатында 2021 жылғы 1 тамыздан кешіктірмей қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өтініш беруге міндетті. Объектілерді тиісті санаттарға жатқызу «Бірыңғай экологиялық портал» арқылы жүзеге асырылады.

    mangystau-eco·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.