Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін бөлу тәртібі
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1–бабының 8-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі м.а 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 бұйрығымен бекітілген «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру қағидаларының» 28-тармағына сәйкес, комиссияның қорытындысы шыққаннан кейін Қазақстан Республикасы азаматтарының және оралмандардың өтініштері арнайы есепке қойылады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар болған жағдайда кезегіне қарай қанағаттандырылады. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері инфрақұрылыммен қамтылған арнайы дайындалған алаңдардан беріледі. Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін берілетін алаңдар елдi мекеннiң егжей-тегжейлi жоспарлау жобасына немесе бас жоспарына сәйкес бөлінеді.