Біз Түрксіб ауданының тұрғындарынан балалардың ойын алаңын салуды сұраймыз. Қайда жүгінуіміз керек?

    almaty-turksib

    almaty-turksib·
    Сұрақ

    Біз Түрксіб ауданының тұрғындарынан балалардың ойын алаңын салуды сұраймыз. Қайда жүгінуіміз керек?

    Жауап

    Балалар ойын алаңын салу үшін Сізді «Бюджетке қатысу» бағдарламасына қатысуға шақырамыз. Бұл бағдарлама Алматы қаласында 2019 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Бағдарламаның мақсаты – азаматтардың бастамалары мен ұсыныстары негізінде Алматы қаласы аудандарының аумақтарын дамыту және абаттандыру. Ұсыныстарды «budget.open-almaty.kz» порталы арқылы тұрғындардың өздері береді. Бағдарламаның негізгі критерийлерінің бірі - мемлекет қорында арнайы бос жер телімі болуы қажет. Келесі кезекте қарау, қабылдау және дауыс беру рәсімдері жүргізіледі. Дауыс беру Алматы қаласының тұрғындарымен, Алматы қаласы аудандарының өзектілігі мен маңызын анықтау үшін жүзеге асырылады. Жобаға қатысуға ыңғайлы болу үшін онлайн дауыс беру мүмкіндігі бар, порталда өзіңізге ұнайтын 3 жобаға дейін ұсынысты таңдап, өз даусыңызды ЭСҚ немесе ЖСН (SMS-коды) арқылы растай аласыз.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.