Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары қандай тексерулер жүргізеді?
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 137-бабының негізінде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары тексерудің мынадай түрлерін жүзеге асырады: 1) б ерілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жіберілген хабарламалар бойынша талаптар сәйкестігіне жүргізілетін тексерулер (бұдан әрі - талаптарға сәйкестігін тексеру); 2) жоспардан тыс тексерулер.