Облыста бұқаралық спортты насихаттау үшін қандай шаралар қабылдануда?

    abay-sport

    abay-sport·
    Сұрақ

    Облыста бұқаралық спортты насихаттау үшін қандай шаралар қабылдануда?

    Жауап

    Абай облысында бұқаралық спортты насихаттау үшін келесі шаралар жүзеге асырылуда:

    • Әртүрлі жас санаттары үшін бұқаралық спорттық іс-шаралар мен жарыстарды ұйымдастыру.
    • Ақпараттық науқандар және салауатты өмір салтын насихаттау.
    • Спорт нысандарын салу мен жаңғыртуды қоса алғанда, спорттық инфрақұрылымды дамыту.
    • Халықты тұрақты спортпен шұғылдануға тартуға бағытталған бастамалар мен жобаларды қолдау.

    Жауапты маман: Джунусов Нурлан Молдагалиевич, бұқаралық спорт бөлімінің басшысы

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Өңірдегі алдағы спорттық іс-шаралар туралы ақпаратты қалай алуға болады?

    Жауап

    Аймақтағы алдағы спорттық іс-шаралар туралы ақпаратты: Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ресми сайтында. Әлеуметтік желілердегі ресми басқару беттеріне жазылу арқылы. Инстаграм : Abai Sport Baskarmasy Инстаграм : Abai Buqara Sport Жауапты маман:Нұржанова Салтанат Нұржанқызы, әкімшілік-құқықтық кадрлық жұмыс бөлімінің бас маманы

    abay-sport·
    Сұрақ

    Жас спортшылар үшін қандай қолдау бағдарламалары бар?

    Жауап

    Абай облысында жас спортшылар үшін келесі қолдау бағдарламалары жүзеге асырылуда: Талантты спортшыларға арналған стипендиялар мен гранттар бағдарламалары. Жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысу үшін қолдау көрсету. Тренерлер мен спортшылардың біліктілігін арттыру үшін семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру. Спорттық мүкәммалмен және жабдықтарды сатып алуға қолдау көрсету. Абай облысының спортшыларын, Қазақстан Республикасының ұлттық құрамаларының құрамындағы спортшыларды, олардың жаттықтырушыларын, сондай-ақ облыс спортшыларын, Қазақстан Республикасының ұлттық құрамаларының құрамындағы спортшыларды (командалық спорт түрлері бойынша) және олардың жаттықтырушылары мен клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жәрдемақы мөлшерлерін бекіту туралы. Жауапты маман: Маратов Марлен Маратұлы, Дене шынықтыру, жоғарғы спорт жетістіктері және спорттық резерві бөлімінің басшысы

    abay-sport·
    Сұрақ

    Спорттық секцияға немесе үйірмеге қалай жазылуға болады?

    Жауап

    Спорттық секцияға немесе үйірмеге жазылу үшін: Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ресми сайтына кіріп, басты жаңалықтардан көруге болады. Қызықтыратын спорттық мекемеге тікелей хабарласып, кесте мен жазылу шарттары туралы толық ақпарат алу. Спорттық секцияға немесе үйірмеге қатысу үшін өтінішті мекемеге жазу немесе egov.kz сайты арқылы қажетті құжаттарды өткізу. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне: 1) оқуға түсушінің ата-анасынан немесе заңды өкілдерінен еркін нысандағы өтініш; 2) жеке сәйкестендіру нөмірі бар оқуға түсушінің туу туралы куәлігі немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін); 3) ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін); 4) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) 027/у нысандағы таңдаған спорт түрі бойынша сабақтарға жіберілгені туралы учаскелік дәрігер берген медициналық анықтама (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы); 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мүгедектік туралы анықтама (бұдан әрі – мүгедектік туралы анықтама); порталға: 1) көрсетілетін қызметті алушының (ата-анасының немесе заңды өкілінің) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу; 2) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 027/у нысан бойынша таңдаған спорт түрі бойынша сабақтарға жіберілгені туралы учаскелік дәрігер берген медициналық анықтамасының электрондық көшірмесі; 3) мүгедектік туралы анықтаманың электрондық көшірмесі. Жауапты маман: Маратов Марлен Маратұлы, Дене шынықтыру, жоғарғы спорт жетістіктері және спорттық резерві бөлімінің басшысы

    abay-sport·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.