Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату жайында білгім келеді
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы "Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату" Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы: 1) денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылғандарға; 2) заңды негіздер, жиырма жеті жасқа толуы бойынша мерзімді әскери қызметке шақырылмағандарға; 3) туыстарының бірі (әкесі, анасы, аға-інілері немесе апа-сіңлілері) әскери қызмет өткеру кезеңінде қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан, қайтыс болған немесе бірінші немесе екінші топтағы мүгедек болып қалғандарға; 4) басқа мемлекетте әскери (баламалы) қызмет өткергендерге; 5) "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 51-бабының 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет өткергендерге; 6) ғылыми дәрежесі барларға; 7) тіркелген діни бірлестіктердің дін қызметкерлеріне. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ бар болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал, бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында – ЖАО сайтында, сондай-ақ www. gov4c. kz интернет-ресурсында орналасқан. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны