Жолаушыларды автобустармен тұрақты емес тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия алу үшін құжаттар тізбесі «Жолаушыларды автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия беру мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» №5 қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 318 бұйрығымен қалааралық облысаралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда, сондай-ақ жолаушыларды автобустармен, шағын автобустармен халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдауда айқындалады..
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Көрсетілетін қызметті алушы (не Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның өкілі)жүгінген кезде:
1) Мемлекеттік корпорацияға:
- лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:
- лицензия алу үшін ЗТ өтініші немесе лицензия алу үшін ЖТ өтініші;
- ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
- ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың көшірмелері; - лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
- лицензияны қайта ресімдеу үшін ЗТ өтініші немесе лицензияны қайта ресімдеу үшін ЖТ өтініші;
- ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат; - лицензияның телнұсқасын және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:
- ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат.
Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттардың түпнұсқасынан электрондық көшірмелерін көшіреді, содан кейін түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
2) порталға:
- лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:
- көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
- ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері.
- лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
- көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
- лицензияның телнұсқасын және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:
- көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.
Өтінішті қабылдау және нәтижені беру мыналар арқылы жүзеге асырылады:
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы;
- «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz, elicense.kz.
Жауап: жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының маманы.
Тел.: (7222) 35-55-95, e-mail: [email protected]