«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі №476 Заңының 21-бабының 2-тармағына сәйкес халықаралық тасымалдарды қоспағанда, жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды көрсетілген тасымалдардың маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурста және тасымалдаушылар мен тиісті жергілікті атқарушы органдар арасында жасалатын шарттарда жеңіске жеткен тасымалдаушылар жүзеге асырады. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру, жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарын ашу және жабу тәртібі, көрсетілген тасымалдау түрлерін орындау үшін пайдаланылатын автобустардың, троллейбустардың, шағын автобустардың санитариялық жай-күйіне, сыртқы ресімделуіне және жабдықталуына қойылатын талаптар Инвестициялар және даму министрінің м. а. бұйрығымен бекітілген Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларымен регламенттелген Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 қаулысымен бекітілген.
Жауап беруші: Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының маманы.
Тел.: (7222) 35-55-95, e-mail: [email protected]