Қызметті онлайн қалай алуға болады ("электрондық лицензиялау" порталында www.elicense.kz)
Осы бетте "онлайн қызметке тапсырыс беру" батырмасы бойынша өтіңіз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау"порталы ашылады.
Жүйеге кіру немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркелу.
Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып, "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша өту немесе қызметтің қажетті кіші түрін таңдап, "Келесі"батырмасы бойынша өту қажет.
Қажетті деректерді көрсетіңіз, өтініш толтырыңыз және ЭЦҚ-ға қол қойыңыз.
Берілген өтініштің мәртебесін Жеке кабинетте "Менің өтініштерім"бөлімінде бақылауға болады. Рұқсат алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарлама алу туралы "Менің хабарламаларым"бөлімінен біле аласыз.
Қызмет көрсету мерзімі
Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті тіркеген сәттен бастап: II санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру – 30 жұмыс күні ішінде: оның ішінде дәлелді ескертулерді 15 жұмыс күні ішінде жіберу; көрсетілетін қызметті алушының дәлелді ескертулерді алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде пысықталған материалдарды ұсынуы.
Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті тіркеген сәттен бастап: III санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру-15 жұмыс күні ішінде: оның ішінде 7 жұмыс күні ішінде дәлелді ескертулерді жіберу; дәлелді ескертулерді алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының пысықталған материалдарды ұсынуы.