Егер өтініште ұсынылған ақпарат дұрыс емес болмаса, өтініш берушіге қандай жауапкершілік жүктеледі?

    antikor

    antikor·
    Сұрақ

    Егер өтініште ұсынылған ақпарат дұрыс емес болмаса, өтініш берушіге қандай жауапкершілік жүктеледі?

    Жауап

    ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 439-бабына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізетін органға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпарат хабарлау жеке тұлғаларға ескерту немесе 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған бұл әрекет жеке тұлғаларға 40 АЕК мөлшерінде айыпұл салуға әкеп соғады.

    ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабы 3-бөлігіне сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау туралы жалған ақпарат үшін үш жылдан сегіз жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Cыбайлас жемқорлық туралы vенің хабарламам қалай қаралатын болады?

    Жауап

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке өтініш келіп түскен кезде ол ведомстволық ақпараттық жүйеде тіркеледі, кейін басшылық уәкілетті лауазымды тұлғаға шаралар қабылдауды тапсырады.

    antikor·
    Сұрақ

    Мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы анонимді хабарлама бере аламын ба?

    Жауап

    Заңнамаға сәйкес анонимді өтініштер қарауға жатпайды, бірақ тексеріледі. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы жасырын хабарлама сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға негіз бола алмайды.

    antikor·
    Сұрақ

    Егер мен мемлекеттік қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлыққа тап болсам немесе заңсыз сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының кездейсоқ куәгері болып қалсам, қайда жүгінуім керек?

    Жауап

    Егер, Сіз сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың куәгері болсаңыз, Сіз ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлай аласыз: 1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тәулік бойы жұмыс істейтін 1424 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы; 2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің пошталық мекенжайына жазбаша түрде: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 19, Б блогы; 3) электрондық цифрлық қолтаңба бар болған кезде, «Электрондық үкімет» www.egov.kz порталы арқылы; 4) [email protected] электрондық мекенжайына жазбаша түрде.

    antikor·
    Сұрақ

    Сыбайлас жемқорлықпен күресуге көмектесетін тұлғалар қалай көтермеленеді?

    Жауап

    Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдарды көтермелеу қағидалары Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 29 тамыздағы № 270 бұйрығымен бекітілген. Параның немесе келтірілген залалдың мөлшері не көрсетілген жеңілдіктердің немесе көрсетілген қызметтердің құны бір мың АЕК-тен аспайтын немесе залал келмеген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін біржолғы ақшалай сыйақы мынадай мөлшерде белгіленеді: 1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы әкімшілік істер бойынша – 30 АЕК; 2) ұсақ сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК; 3) орташа ауырлықтағы сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК; 4) ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК; 5) аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК. Параның немесе келтірілген залалдың сомасы не көрсетілген пайданың немесе көрсетілген қызметтің құны бір мың АЕК-тен асатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін біржолғы ақшалай сыйақы параның немесе келтірілген залал немесе көрсетілген жеңілдіктер немесе көрсетілген қызметтер сомасының он пайызын құрайды, бірақ төрт мың АЕК-тен көп емес.

    antikor·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.