Куәгерлерді мәжбүрлеп әкелу қандай жағдайларда жүзеге асырылады?
Егер куәгер шақыру бойынша ақталған себептерсіз келмеген жағдайда, оны сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын тұлғаның негізделген қаулысымен мәжбүрлеп әкелуге болады.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Келушілерге мемлекеттік қорғауға жататын объектілерге смартфондар кіргізуге рұқсат етіле ме?
ҚазақстанРеспубликасы Үкіметі қаулысының талаптарына сәйкес 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 234 («Объектілердіжатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы») арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының объектілері, олардың ведомстволары, құрылымдық және аумақтық бөліністері террористік тұрғыдан осал объектілерге (бұданәрі - ТТО) жатады.
«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 10-3 - бабына сәйкес Т ТО объектілерінің басшылары мен өзге де лауазымды адамдары олардың терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында тиісті өткізу режимін қамтамасыз ету, объектілерді оларға қойылатын талаптарға сәйкес қазіргі заманғы инженерлік-техникалық күзет жабдықтарымен жарақтандыру жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
Жоғарыда аталған Заңның нормаларын іске асыру үшін Қазақстан Республикасында Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі нұсқаулықпен және ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 06 мамырдағы№ 305 («Террористіктұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы») қаулысының талаптарына сәйкес ІІО әкімшілік ғимараттары үшін ішкі істер министрінің 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 1қбп бұйрығымен бекітілген қағидалар әзірленді « ІІМ орталық аппаратының және ҚР аумақтық ішкі істер органдарының аумағында және әкімшілікғимараттарында өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды(бұдан әрі – қағидалар)бекіту туралы»
Жоғарыда көрсетілген қағидаларға сәйкес ІІО әкімшілік ғимараттарына келушілердің смартфондар мен өзге де техникалық құралдарды (бейне,кино және фотоаппаратура, жазу құрылғылары мобильді құрылғылар, машиналық ақпарат тасығыштар) пайдалануына жол берілмейді , бұл заттар кіре берісте күзет бекеттерінде орналасқан арнайы сақтау орындарында (құлыпталатынұяшықтарда) қалдырылады, бұл ретте кілт немесе нөмірлік жетон ұяшықтан ғимараттан шыққан сәтке дейін келушіде болады .
Ережелер заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтетіндіктен, олардың талаптарының заңды күші болады және барлық заңды және жеке тұлғалардың (келушілер) орындауы үшін міндетті.
Куәгерлерді мәжбүрлеп әкелу қандай жағдайларда жүзеге асырылады?
Егер куәгер шақыру бойынша ақталған себептерсіз келмеген жағдайда, оны сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын тұлғаның негізделген қаулысымен мәжбүрлеп әкелуге болады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 667-бабына 2025 жылғы 10 қаңтарда енгізілген соңғы өзгерістер нені білдіреді?
Полиция қызметкерлерін құқықтық қорғауды күшейту және олардың қызметтік қызметіне заңсыз араласуға жол бермеу мақсатында.
Қарудың қандай түрлерін рұқсатсыз сақтауға болады?
Ішкі істер органдарында рұқсатынсыз азаматтар механикалық бүріккіштерді, аэрозольді және көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жабдықталған басқа құрылғыларды, пневматикалық, тұмсық энергиясы 7,5 Дж аспайтын және калибрі 4,5 мм дейінгі қаруды сақтай алады.
Ұсталған тұлғаға кепілдік түріндегі процессуалдық шара қандай жағдайларда қолданылады?
Қылмыстық істі жүргізетін орган өз өкілеттігі шегінде ұсталынған тұлғаға кепілдік түріндегі процессуалдық шара қолдануға құқылы.
Бағдаршам нысанын орнатуды сұраймын?
Бағдаршам объектісін орнатумен әкімдіктер айналысады. Аумақтық полиция бөлімшелері учаскеге тексеру жүргізеді және негізді болған жағдайда Ішкі істер органдарының қызметкерлері бағдаршам объектісін орнату үшін жергілікті атқарушы органға (бұдан әрі-ЖАО) өтініш енгізеді.
Егер сот-медициналық сараптама жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірудің ауырлығын анықтамаса, агрессорды қалай жауапқа тартуға болады?
Дене жарақатын келтірген, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерін жасағаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 109-1-бабында көзделген.
Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі қай жастан басталады?
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 65-бабына сәйкес кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі 16 жастан басталады.
Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін қандай жауапкершілік қарастырылған?
Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 108-1-бабында көзделген.