2023 жылғы 26 мамырда Абай облысының әкімдігі Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, облыстағы елді мекендерді сапалы кең жолақты интернет желісіне қолжетімділікпен қамтамасыз ету жөніндегі «Жол картасын» бекітті, осыған орай байланыс операторлары мен жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелері көрсетілген.
Аталған жол картасы аясында, кең жолақты интернет желісіне және ұялы байланыспен қамтамасыз ету мақсатында, қалалар мен аудандардың әкімдіктері, сондай-ақ жеке қаражат есебінен антенна-діңгек құрылымын салу жоспарланған. Аталған жол картасы аясында, кең жолақты интернет желісіне және ұялы байланыспен қамтамасыз ету мақсатында, қалалар мен аудандардың әкімдіктері, сондай-ақ жеке қаражат есебінен антенна-діңгек құрылымын салу жоспарланған.