Қандай шегерімдер сақталады (ипотека, оқу, асырауындағылар бойынша)?
2026 жылғы 1 қаңтарда күшіне енетін нормалар бойынша Салық кодексінің 401-бабының 1-тармағына сәйкес жеке тұлғаның жеке салық шегерімдерінің мынадай түрлерін қолдануға құқығы бар: 1) әлеуметтік төлемдердің салықтық шегерімі; 2) базалық салық шегерімі; 3) Әлеуметтік салық шегерімдері. Салық Кодексінің 402, 403 және 404-баптарының ережелерін ескере отырып, салық шегерімдеріне мыналар жатады: -міндетті зейнетақы жарналары, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар және азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша әлеуметтік аударымдар түріндегі әлеуметтік төлемдерді салықтық шегеру, - 30 АЕК мөлшеріндегі базалық шегерім, - әлеуметтік салық шегерімдері қолданылады: * бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адам 5 000 АЕК мөлшерінде; * үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар; * мүгедектігі бар бала; * Ұлы Отан соғысына қатысушылар және теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адам; * 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін Ұлы Отан соғысы жылдарында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) адам 882 АЕК мөлшерінде; * мүгедектігі бар баланың ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі, "бала кезінен мүгедектігі бар адамдар", асырап алушылардың бірі, асырап қабылдап алған ата-анасының бірі 882 АЕК мөлшерінде. Осылайша, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап сыйақылар бойынша, оқуға және көп балалы отбасы үшін салық шегерімдері көзделмеген. Сонымен қатар, 30 АЕК мөлшерінде базалық шегерім енгізілді және жеке тұлғалардың салық шегерімдерін растайтын құжаттарды жинау, сақтау, сондай-ақ жеке тұлғаның кірістер мен мүлік туралы декларацияны жыл сайын ұсынуы бойынша міндеті жоқ.