Қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексерулерді жүргізу ерекшеліктері.

    Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

    Сұрақ

    Қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексерулерді жүргізу ерекшеліктері.

    Жауап

    Қосылған құн салығының асып кету сомасының анықтығын растау бойынша тақырыптықтексеру Салық Кодекстің (бұдан әрі- СҚ) 432-бабының 1 және 2-тармақтарын өздеріне қолдануға байланысты салықтық өтінішті қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талапты (бұдан әрі – қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап) ұсынған салық төлеушіге қатысты тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып жүргізіледі.

    Тексерілетін кезеңге салық төлеуші СҚ 432-бабы 1 және 2-тармақтарының қолданылуына байланысты салықтық өтініште көрсеткен:

    егер осы тармақтың үшінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап көрсетіле отырып, қосылған құн салығы бойынша декларация тапсырылған салықтық кезеңді қоса алғанда, салық төлеуші қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талапты ұсынған салықтық кезеңнен бастап салықтық кезең кіреді.

    Егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы тармақта көрсетілген тексерілетін кезеңге салықтың осы түрі бойынша тексеру жүргізілмеген және СҚ 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінен аспайтын салықтық кезеңдер де кіреді.

    Қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар, СҚ 434-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер үшін тексерілетін кезеңге қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген, салық төлеушінің қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талабы қойылған салықтық кезең кіреді.

    СҚ 432-бабына сәйкес қосылған құн салығының қайтаруға ұсынылған асып кету сомасының анықтығын растау мақсатында тақырыптық тексеруді жүргізу кезінде тексерілетін кезеңге: өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайлар салу басталған;

    Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жер қойнауын пайдалануға келісімшарт жасалған салықтық кезеңнен басталған уақыт кезеңі кіреді.

    СҚ 432-бабына сәйкес қосылған құн салығының қайтаруға ұсынылған асып кету сомасының анықтығын растау кезінде СҚ 145-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша жүргізілген салықтық тексерулердің нәтижелері ескеріледі. 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салықтық кезеңдерде түзілген, қосылған құн салығының асып кету сомасының анықтығын растау кезінде, қарсы тексерулерді қоса алғанда, салық төлеушіге бұрын жүргізілген салықтық тексерулердің нәтижелері ескеріледі.

    Тауарлар экспортталған жағдайда, осы Кодекске сәйкес қайтарылуға жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде кеден органының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тауарларды экспорттың кедендік рәсімімен әкету фактісін растайтын мәліметтері ескеріледі.

    Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағына тауарлар экспортталған жағдайда, СҚ сәйкес қосылған құн салығының қайтарылуға жататын сомасын айқындау кезінде СҚ 447-бабында көрсетілген құжаттардың мәліметтері ескеріледі.

    Кейіннен басқа мемлекеттің аумағына қайта өңдеу өнімдері әкетіле отырып, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар орындалған жағдайда, СҚ сәйкес қайтарылуға жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде СҚ 449-бабында көрсетілген құжаттардың мәліметтері ескеріледі.

    Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына қайта өңдеу өнімдері кейіннен өткізіле отырып, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар орындалған жағдайда, СҚ сәйкес қосылған құн салығының қайтарылуға жататын сомасын айқындау кезінде кеден органының қайта өңдеу өнімдерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан экспорттың кедендік рәсімімен әкету фактісін растайтын мәліметтері ескеріледі.

    Тауарлар экспортталған жағдайда, қосылған құн салығының қайтарылуға жататын сомасын айқындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған салық төлеушінің банктік шоттарына валюталық түсім түскен не сыртқы саудадағы тауар алмасу (бартерлік) операциялары бойынша экспортталған тауарларды сатып алушы қосылған құн салығын төлеушіге жеткізген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына іс жүзінде әкелу жүзеге асырылған тауарлардың экспорты ескеріледі.

    Сыртқы саудадағы тауар алмасу (бартерлік) операциялары бойынша тауарлар экспортталған жағдайда, қосылған құн салығының қайтарылуға жататын сомасын айқындау кезінде сыртқы саудадағы тауар алмасу (бартерлік) операциясы жөніндегі шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ сыртқы саудадағы тауар алмасу (бартерлік) операциясы бойынша экспортталған тауарларды сатып алушы қосылған құн салығын төлеушіге жеткізген тауарлар бойынша тауарларға арналған импорттық декларацияның болуы ескерілді.

    Сыртқы саудадағы тауар алмасу (бартерлік) операциялары бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағына тауарлар экспортталған, зат түрінде қарыз берілген жағдайда, қосылған құн салығының қайтарылуға жататын сомасын айқындау кезінде сыртқы саудадағы тауар алмасу (бартерлік) операциясы жөніндегі шарттың (келісімшарттың), зат түрінде қарыз беру жөніндегі шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ көрсетілген операциялар бойынша экспортталған тауарларды сатып алушы қосылған құн салығын төлеушіге жеткізген тауарлар бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің болуы ескеріледі.

    Тауарға меншік құқығының лизинг алушыға өтуі көзделетін лизинг шарты (келісімшарты) бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағына тауарлар әкетілген жағдайда, лизингтік төлемдердің іс жүзінде түсуін растайтын (тауардың (лизинг нысанасының) бастапқы құнын өтеу бөлігінде), Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған салық төлеушінің банктік шоттарына валюталық түсімнің түсуі ескеріледі.

    Қайта өңдеу өнімдері кейіннен басқа мемлекеттің аумағына не Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына әкетіле отырып, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар орындалған жағдайда, осы Кодекске сәйкес қосылған құн салығының қайтарылуға жататын сомасын айқындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған салық төлеушінің банктік шоттарына валюталық түсімнің түсуі туралы мәліметтер ескеріледі.

    Валюталық түсімнің түсуі туралы салық органдарына қорытынды беруді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және екінші деңгейдегі банктер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысан бойынша жүзеге асырады.

    Салық органдары осы қорытындыны алу үшін осындай қорытынды жасалған күнгі жағдай бойынша валюталық түсімнің түсуі туралы тиісті сұрау салу жібереді.

    Салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасы аумағындағы екiншi деңгейдегі банктердегі банктік шоттарына валюталық түсімнің түсуi жөніндегі осы тармақтың талаптары:

    СҚ 393-бабының 2-тармағында көрсетілген;

    СҚ 722-бабының 1-тармағында көрсетілген өнімді бөлу туралы келісім шеңберінде теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүзеге асыратын салық төлеушiлерге қолданылмайды.

    Салық органы тақырыптық тексеруді жүргізу барысында СҚ 143-бабында айқындалған тәртіппен тексерілетін салық төлеушінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тікелей берушілеріне қарсы тексерулер тағайындайды.

    Тексерілетін салық төлеуші мен оның тікелей өнім берушісі – салықтық мониторингке жататын салық төлеуші арасындағы операциялар бойынша қосылған құн салығы сомасының анықтығын растауды тақырыптық тексеруді тағайындаған салық органы салықтық есептілік және (немесе) салық органдарындағы электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйелері деректерінің негізінде жүргізеді.

    Салық органы тақырыптық тексеруді жүргізу барысында "Пирамида" талдамалық есебін талдау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, өнім берушілердің атына СҚ 114-бабы 2-тармағының 10) тармақшасында көзделген хабарламаны жібереді.

    Бұл ретте, егер тексерілетін салық төлеушінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушісі тұрған жері бойынша басқа салық органында тіркеу есебінде тұрса, тақырыптық тексеру тағайындаған салық органы тиісті салық органына тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді осындай берушілердің "Пирамида" талдамалық есебін талдау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жоюы бойынша СҚ сәйкес шаралар қабылдау туралы сұрау салу жібереді.

    СҚ мақсаты үшін салық төлеуші (салықтық агент) ұсынған қосылған құн салығы бойынша салықтық есептілікті және (немесе) ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді зерделеу және талдау негізінде салық органдары жүзеге асыратын бақылау нәтижелері "Пирамида" талдамалық есебі болып табылады.

    Бұл ретте "Пирамида" талдамалық есебі 11 баптың 2-тармағында көзделген салықтық кезеңге қалыптастырылады.

    Салықтық тексеру аяқталған күнге:

    1) өнiм берушiмен өзара есеп айырысулардың анықтығын растау үшiн қарсы тексерулер жүргiзуге берілген сұрау салуларға жауаптар алынбаған;

    2) тексерілетін салық төлеушінің өнім берушілері бойынша "Пирамида" талдамалық есебін талдау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған;

    3) қосылған құн салығы сомаларының анықтығы расталмаған;

    4) қарсы тексеру жүргізудің, оның ішінде;

    өнім берушінің тұрған жері бойынша болмауы;

    өнім берушінің есепке алу құжаттамасының жоғалуы себебінен мүмкін болмауына байланысты қосылған құн салығы сомаларының анықтығы расталмаған сомалар шегінде қосылған құн салығын қайтару жүргізілмейді.

    Бұл ретте 152 бабы 12 тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасының ережелері мынадай:

    қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар;

    Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін республикалық индустрияландыру картасы шеңберінде, құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде 150 000 000 еселенген мөлшерін құрайтын инвестициялық жобаны іске асыратын;

    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын және қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап қойылған салықтық кезеңнің алдындағы соңғы 5 жылға есептелген салықтық жүктеменің 20 пайыздан кем емес орташа коэффициентіне ие;

    СҚ 722-бабының 1-тармағында көрсетілген өнімді бөлу туралы келісім шеңберінде теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүзеге асыратын тексерілетін салық төлеушілердің тікелей өнім берушілері "Пирамида" талдамалық есебінің нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды жойған жағдайда қолданылмайды.

    Салықтық тексеру актiсiнде қосылған құн салығын қайтармау негiзi көрсетiледi.

    Қосылған құн салығын қайтару уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салықтық тексеру актісіне қорытынды негізінде мынадай жағдайларда:

    1) СҚ 393-бабының 6-тармағында көзделген жағдайда қайта өңдеу өнімдерін сатып алушыға қатысты салық органының сұрау салуына жауап алынған кезде;

    2) СҚ 432-бабын қолдану кезінде жүргізіледі.

    Салықтық тексеру актісіне қорытынды тоқсанның соңғы айының 25-інен кешіктірілмей, кемінде екі данада жасалады және оған салық органының лауазымды адамы қол қояды. Салықтық тексеру актісіне қорытындының бір данасы салық төлеушіге табыс етіледі, ол аталған қорытындыны алғаны туралы басқа данада белгі қоюға міндетті.

    Тақырыптық тексеру актісі және салықтық тексеру актісіне қорытынды бойынша расталған қосылған құн салығы асып кетуінің жалпы сомасы тексерілген кезеңге қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талапта көрсетілген сомадан аспауға тиіс.

    Егер салықтық тексеруді жүргізу кезінде өнім беруші таратылуына байланысты қызметін тоқтатса және осындай өнім берушіге қатысты таратудың салықтық тексеруі жүргізілген болса, есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасын растау өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімінің және (немесе) таратуды тексеру нәтижелері ескеріле отырып, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйелерінің мәліметтері негізінде жүргізіледі.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Қандай шегерімдер сақталады (ипотека, оқу, асырауындағылар бойынша)?

    Жауап

    2026 жылғы 1 қаңтарда күшіне енетін нормалар бойынша Салық кодексінің 401-бабының 1-тармағына сәйкес жеке тұлғаның жеке салық шегерімдерінің мынадай түрлерін қолдануға құқығы бар: 1) әлеуметтік төлемдердің салықтық шегерімі; 2) базалық салық шегерімі; 3) Әлеуметтік салық шегерімдері. Салық Кодексінің 402, 403 және 404-баптарының ережелерін ескере отырып, салық шегерімдеріне мыналар жатады: -міндетті зейнетақы жарналары, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар және азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша әлеуметтік аударымдар түріндегі әлеуметтік төлемдерді салықтық шегеру, - 30 АЕК мөлшеріндегі базалық шегерім, - әлеуметтік салық шегерімдері қолданылады: * бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адам 5 000 АЕК мөлшерінде; * үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар; * мүгедектігі бар бала; * Ұлы Отан соғысына қатысушылар және теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адам; * 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін Ұлы Отан соғысы жылдарында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) адам 882 АЕК мөлшерінде; * мүгедектігі бар баланың ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі, "бала кезінен мүгедектігі бар адамдар", асырап алушылардың бірі, асырап қабылдап алған ата-анасының бірі 882 АЕК мөлшерінде. Осылайша, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап сыйақылар бойынша, оқуға және көп балалы отбасы үшін салық шегерімдері көзделмеген. Сонымен қатар, 30 АЕК мөлшерінде базалық шегерім енгізілді және жеке тұлғалардың салық шегерімдерін растайтын құжаттарды жинау, сақтау, сондай-ақ жеке тұлғаның кірістер мен мүлік туралы декларацияны жыл сайын ұсынуы бойынша міндеті жоқ.

    Сұрақ

    Тәуекел дәрежесі қалай анықталады?

    Жауап

    Жаңа Салық кодексінде мемлекеттік кірістер органдары салықтық әкімшілендіру кезінде ТБЖ қолдану принциптерін өзгертті, салық төлеушілердің тәуекел дәрежесі бойынша санаттарын алып тастады. Оның орнына МКО салық түрлері, салалар, өңірлер, салық төлеушілер тобы және т. б. бойынша салық тәуекелдерін талдайды және анықтайды.

    Сұрақ

    2013 жылдан кейін тіркелген қозғалтқышы 3 литрден асатын автомобильдер үшін көлік салығының жоғары ставкаларын жою қарастырылған ба?

    Жауап

    2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қозғалтқыш көлемі 3 литрден асатын жеңіл автомобильдер үшін 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін тіркелген жоғары салық ставкалары жойылады. Бұрын мұндай автомобильдерге прогрессивті шкала бойынша салық салынды: қозғалтқыш көлеміне байланысты 35-тен 200 АЕК-ке дейін, 2026 жылдан бастап бірыңғай ставкалар енгізіледі: 3 000-нан 4 000 см3-ке дейін-15 АЕК; 4 000 см3-тен жоғары-117 АЕК

    Сұрақ

    2026 жылы мүлік салығы мен жер салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеуші кім болып табылады және 701.01 СЕН-ді ұсынуы тиіс?

    Жауап

    Салық міндеттемелері белгіленген шектен асатын заңды тұлғалар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер (оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда) (300 еселенген айлық есептік көрсеткіш (1 027 500 теңге) ) 701.01 нысаны бойынша ағымдағы төлемдердің есебін ұсынады.

    Сұрақ

    Адвокат ҚҚС төлеуші бола ала ма ?

    Жауап

    Қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған, жеке практикамен айналысатын адам Салық кодексі қолданысқа енгізілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабарламасыз салық органы осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінен алуға жатады (2026 ж.жаңа редакцияда ҚР СК 829-бабы)

    Сұрақ

    Есеп нысандары автоматты түрде 0-мен тапсырылуы үшін не істеу керек

    Жауап

    Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тіркеуден кейін веб-қосымшада ұсынылатын салық есептілігінің нысандарын көрсетеді. Салық есептілігінің басқа нысандарын ұсыну қажеттілігін көздейтін қызмет түрлері өзгерген жағдайда, салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігін табыс ету мерзімі өткенге дейін веб-қосымшада табыс етілуге тиіс салық есептілігінің нысандарын көрсетеді. Функционал 2026 жылғы бірінші салық кезеңі үшін есептілікті ұсыну мерзіміне жақын СТК салық төлеушінің бейінінде толтыру үшін қолжетімді болады. Сондай-ақ, салық төлеуші (салық агенті) корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығын қоспағанда, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің дербес төлеушісі деп тануға құқылы. Құрылымдық бөлімшені салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді дербес төлеуші деп тану үшін салық төлеуші (салық агенті) СӘИЖ СТК салық төлеушінің бейінінде салық органын электрондық түрде хабардар етуге және салық төлеушінің бейінінде осындай құрылымдық бөлімше табыс етуге жататын салық есептілігінің нысандарын көрсетуге міндетті. Функционалға 2026 жылдың қаңтар-ақпан айларында қол жетімді болады.

    Сұрақ

    Жеке кәсіпкер қайтыс болған кезде оның қарыздары қалай жабылады

    Жауап

    Қайтыс болған жеке тұлғаның қайтыс болған күні немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот актісі заңды күшіне енген күні қалыптасқан салық берешегін, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мұрагер (мұрагерлер) мұрагерлік мүліктің құны шегінде және ол қабылданған күнгі мұрадағы үлеске барабар өтейді. Егер қайтыс болған дара кәсіпкердің мұрагері жетім бала, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала болса, онда мұра қалдырушының салық берешегін өтеу жөніндегі міндеттеме салық берешегін өндіріп алу туралы заңды күшіне енген сот актісі негізінде ғана осындай мұрагерге жүктеледі. Салық органы жетім баланың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың мәртебесін растайтын құжат және салық органында тіркеу есебі және қайтыс болған күнге арналған салық берешегі туралы деректер негізінде сотқа салық берешегін өндіріп алу туралы талап-арызбен жүгінеді. Салық берешегін өндіріп алу туралы талапты қанағаттандырудан бас тартқан кезде мұра қалдырушының салық берешегі салық берешегін есептен шығару туралы шешімге сәйкес есептен шығарылады. Салық берешегін есептен шығару туралы шешімді салық органы салық берешегін өндіріп алу туралы талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы заңды күшіне енген сот актісінің негізінде шығарады.

    Сұрақ

    2026 жылы салық берешегінің сомасы қанша болғанда шотты бұғаттайды ?

    Жауап

    Салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттарындағы ақша есебінен салық берешегін өндіріп алуды салық органы салық төлеуші (салық агенті) салық берешегін кемінде 20 еселенген айлық есептік көрсеткіш (86 500 теңге) сомасында өтемеген кезде мәжбүрлеу тәртібімен жүзеге асырады.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.