Порталдың мобильді нұсқасын жасау туралы мәселе.
Порталдың мобильді нұсқасын әзірлеу келесі 2022 жылға арналған жаңғырту аясында қарастырылған.
Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
Жәрдемақының толық мөлшерін алу үшін айдың басынан бастап құжаттарды тапсыру міндетті ме?
Жоқ, міндетті емес. Атаулы әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап тағайындалады және өтініш берілген күнге байланысты емес. Мысалы, егер сіз құжаттарды уәкілетті органға 20 қазанда тапсырсаңыз, онда сіз төлемді толық көлемде бүкіл айдыкын аласыз.
Порталдың мобильді нұсқасын жасау туралы мәселе.
Порталдың мобильді нұсқасын әзірлеу келесі 2022 жылға арналған жаңғырту аясында қарастырылған.
Кепілдендірілген сома дегеніміз не?
Кепілдендірілген сома-бұл мемлекет жабатын сома. Әрбір тауар құнының кепілдік берілген сомасын есептеу өнім берушілердің оны мүгедектерге өткізу үшін порталда берген бағаларының орташа мәні және өткен 3 (үш) қаржы жылындағы оның сатылған саны негізінде жүзеге асырылады. Портал арқылы сатып алынатын санаторий-курорттық емдеу, протездік-ортопедиялық көмек, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар, арнаулы жүріп-тұру құралдарының құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың мөлшерін есептеу Қағидалары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 15 бұйрығымен бекітілген.
Көмекші әр сағат үшін есеп беруге міндетті ме?
Көмекші барған объектілерді және ілесіп жүруге жұмсалған сағат санын көрсетуі тиіс. Бұл деректерді күнделікті немесе айдың соңында көрсетуге болады.
Атаулы әлеуметтік көмекке құжаттарды қалай және қайда тапсыруға болады?
Адам жеке өзінің немесе отбасының атынан АӘК тағайындау үшін тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ол болмаған жағдайда — кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінеді. Мемлекеттік инстанцияларда адамдардың көп жиналуын болдырмау және COVID-19 жұқтыру қаупін азайту мақсатында Жезқазған қаласының жұмыспен қамту орталығында атаулы әлеуметтік көмек проактивті форматта тағайындалуда. Covid-19 таралуына байланысты шектеу шараларының қолданылуының бүкіл кезеңі бойынша азаматтар АӘК-ті бастапқы тағайындау үшін Электрондық Үкімет порталы арқылы электрондық форматта өтініш бере алады.
Жұбайымен ажырасқанмын, балалармен тұрамын. АӘК алу үшін алимент туралы мәліметтерді міндетті түрде ұсыну қажет пе? Мен алимент алуға өтініш білдірмедім. Қалай тағайындалатын болады?
«Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-IV Кодексінің 138-139-баптарына сәйкес ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағуға міндетті. Осыған байланысты, егер баланың ата-анасы арасында неке қиылса немесе баланың әкесі болып табылатын адам онымен бірге тұрмаса, баланы тәрбиелеп отырған ата-ана алимент алуға өтініш жасауға міндетті. Жиынтық табысты есептеу ережелеріне сәйкес, алимент есепке алынбай АӘК тағайындау кезінде АӘК тек келесі жағдайларда тағайындалады: - борышкер жұмыс істемейді және жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген жағдайда; - борышкер бас бостандығынан айыру орындарында немесе уақытша ұстау изоляторында болған жағдайда; - борышкер туберкулез, психоневрологиялық, онкологиялық, санаторий-курорттық диспансерлерде (стационарларда) есепте тұрған жағдайда; - борышкер іздеуде болған жағдайда. Егер ерлі-зайыптылар арасындағы неке (ерлі-зайыптылық) бұзылса, бірақ ерлі-зайыптылардың біреуінен алимент өндіріп алынбаса, отбасының жиынтық табысында олардың бірге тұру фактісіне қарамастан, оның табысы толығымен ескеріледі. Борышкер тиісті құқық қорғау органының анықтамасымен немесе учаскелік комиссияның қорытындысымен расталған балаларды және басқа да асырауындағыларды асыраудан жалтарған кезде жиынтық табыс алименттер есепке алынбай есептеледі. Қалған жағдайларда алименттерді есепке алмай АӘК есептеу үшін негіздемелер жоқ. Балаларға және басқа да асырауындағыларға алынған алименттер мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған кезде және (немесе) олар өтініш беруші ұсынған мәліметтерге сәйкес келмеген кезде ұйымдардың аударылған алименттер туралы анықтамаларымен не пошта аударымдарының алынған алименттер туралы түбіртегімен, сондай-ақ сот органдарының алименттерді өндіріп алу туралы актісін қоса бере отырып, еркін нысандағы жазбаша өтініш негізінде расталады. Алимент бойынша 3 айдан асатын кезең үшін берешек пайда болған кезде сот орындаушысының алимент бойынша берешекті айқындау туралы қаулысы ұсынылады.
Кепілдендірілген әлеуметтік топтамасы дегеніміз не? Кімге ол тиесілі?
Кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы АӘК алатын отбасылардан шыққан балаларға азық-түлік және гигиеналық құралдар (1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар) және ыстық тамақ, оқу құралдары, мектеп киімі (6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар) түрінде беріледі. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мерзіміне 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға көмек көрсетіледі, яғни жәрдемақы беру тоқтатылған жағдайда кепілдендірілген әлеуметтік топтамасы да тоқтатылады. 6-18 жастағы балалар үшін көмек бүкіл оқу жылына жалпыға бірдей оқу қоры арқылы көрсетіледі, яғни АӘК беруді тоқтату ыстық тамақпен, мектеп керек-жарақтарымен және мектеп формасымен қамтамасыз етуден бас тартуға негіз болып табылмайды.
Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде қандай табыс ескеріледі?
Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есепті кезеңде алынған, салық салынуға жататын барлық табыс түрлері ескеріледі: 1) еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыстар; 2) алимент түріндегі табыс; 3) жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табыс; 4) кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс; 5) жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын жалға беруден және өткізуден түсетін табыс; 6) бағалы қағаздардан түсетін табыс; 7) жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын және басқа да мүлікті сыйға тарту, мұраға қалдыру түрінде алынған табыс және коммерциялық қызметтен түскен барлық табыс.
Еңбекке кім қабілетті?
1, 2 топтағы мүгедектерден, екі айдан астам стационарлық емделуде жүрген азаматтардан, 3 жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын аналардан басқа отбасының барлық ересек мүшелері еңбекке жарамды болып табылады,