2018 жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасын жыл сайын 6 айға кезең-кезеңімен арттыру көзделген. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап әйелдер үшін зейнетақы жасы 60 жасты құрайды және осы жылы 1961 жылғы екінші жартыжылдықта туылған әйелдер зейнетке шығады.
Сонымен қатар, әйелдер үшін ерте зейнетке шығу мүмкіндігі сақталды:
1) 45 жаста – 1949 жылғы 29 тамыз бен 1963 жылғы 5 шілде аралығындағы кезеңде Семей ядролық сынақ полигонының аумақтарында (төтенше және ең жоғары радиациялық қатер аймақтарында) кемінде 5 жыл тұрған әйелдер үшін;
2) 53 жаста – 5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген көп балалы аналар үшін;
3) 52 жаста (2021 ж.) - зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігі кезінде және зейнетақы аннуитетін сатып алу шартымен;