Атқарушылық іс жүргізу туралы
№ Сұрақ Жауап 1 Мен берешекті толық төледім. Алайда, жеке сот орындаушысы менің банктік шоттарымнан тыйымды алып тастамады, себебі мен оның қызметі үшін ақы төлеуге міндеттімін ЖСО әрекеті заңды ма? Ия, заңды. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәрптебесі туралы» Заңның 47-бабына сәйкес атқарушылық іс жүргізудің тоқтатылуымен бір мезгілде мәжбүрлеп орындату шараларының күші жойылуға тиіс. Заңның 47-бабының 1-тармағының 1), 2), 2-1) және 7) тармақшаларының негізінде тоқтатылған, орындалғаннан кейін атқарушылық санкция, орындау бойынша шығыстар, өсімпұл және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасы өндіріп алынуға жататын атқарушылық құжаттар бойынша орындалуын қамтамасыз ету шараларының күші олар өндіріліп алынғаннан кейін ғана тоқтатылуға тиіс 2 Жеке сот орындаушысының менің жалақым туралы мәліметтерді жұмыс берушінің ұсынуы туралы талаптары заңды ма? Ия, заңды. Сот орындаушысы атқарушылық әрекеттер жасау кезінде туындайтын мәселелер бойынша қажетті ақпаратты алуға құқылы. Бұл ретте коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтау қажет. Жеке және заңды тұлғалар оларды дереу сот орындаушысына беруге міндетті 3 Жеке сот орындаушысы ескертусіз менің екінші деңгейлі банктағы шотымды бұғаттады. Бұл жағдайда қалай болу қажет? «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәрптебесі туралы» Заңның 36-бабына сәйкес сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді қозғаумен бір мезгілде осы Заңда көзделген атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәрптебесі туралы» Заңның 27 бабына сәйкес, атқарушылық құжат дереу орындалуға жататын жағдайларда, сондай-ақ мүлікке тыйым салу және өзге де қамтамасыз ету шараларын қабылдау кезінде сот орындаушысы атқарушылық әрекеттер жасауға және атқарушылық іс жүргізуге қатысушыларды бұл туралы алдын ала хабардар етпей, мәжбүрлеп орындату шараларын қабылдауға құқылы. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәрптебесі туралы» Заңның 47-бабына сәйкес атқарушылық іс жүргізудің тоқтатылуымен бір мезгілде мәжбүрлеп орындату шараларының күші жойылуға тиіс. Заңның 47-бабының 1-тармағының 1), 2), 2-1) және 7) тармақшаларының негізінде тоқтатылған, орындалғаннан кейін атқарушылық санкция, орындау бойынша шығыстар, өсімпұл және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасы өндіріп алынуға жататын атқарушылық құжаттар бойынша орындалуын қамтамасыз ету шараларының күші олар өндіріліп алынғаннан кейін ғана тоқтатылуға тиіс. Аталған негізде Сізге шотыңызға тыйым салған жеке сот орындаушысына жүгінуіңіз қажет 4 Маған қатысты ҚР шегінен шығуға тыйым салынған, ол туралы мен әуежайда білдім, ұшу үшін оны қалай алып тастау керек? ҚР шегінен шығуға шектеулерді алып тастау үшін «Kaspi.kz» мобильдік қосымшасы арқылы төлем жасауға болады, мұндай төлем автоматты түрде ҚР шегінен шығуға шектеулерді алып тастауға әкеп соғады сондай- ақ борышкерлер тәулік бойы «Казпошта» АҚ терминалдары арқылы берешек сомаларын төлей алады («Казпошта» АҚ терминалдары арқылы төлеген жағдайда ақы төленгені туралы түбіртекті сот орындаушысына беру қажет) 5 Мен 2 үйлегенмін, бірінші некеден 2 бала, екінші некеден 1 балам бар. Менің жалақымнан ай сайын 50 % ұсталады, оның 25% бірінші әйеліме, 25% екінші әйелімен. Алайда, бірінші әйеліме 33% төлеу керек болғандықтан менде қарыз жиналып отыр. Неліктен мен ай сайын төлеп отырсам да қарызым әрдайым өсуде «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәрптебесі туралы» Заңның 95-бабына сəйкес, бір немесе бірнеше атқарушылық құжат бойынша борышкердің жалақысына немесе өзге де кіріс түрлеріне өндіріп алу қолданылған кезде борышкер жалақысының немесе өзге де кірісінің кемінде елу пайызы сақталуға тиіс. Бір кезектегі бірнеше атқарушылық құжат түскен жағдайда өндіріп алу сомасы борышкердің жалпы табысының елю пайызынан асқан кеткен жағдайда бухгалтерге (жұмыс берушіге) өндіріп алушыға тиесілі сомаға барабар ұсталуы қажет. Сіздің жағдайыңызда бұл сома екі өндіріп алушыға алимент төлеу үшін жеткіліксіз. Сондықтан, бұл сома олардың арасында барабар түрде, екі құжат бойынша да қарыз жиналып, бөлінеді 6 Маған телефон байланысы арқылы қарызды өтеу туралы СМС хабарлама келді, алайда мені ешкім жазбаша түрде хабардар етпеген, бұл СМС хабарлама заңды күшіне ие ма? «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәрптебесі туралы» Заңның 95-бабына сəйкес, хабархат немесе шақыру қағазы ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша мәтіндік хабарлар немесе электрондық пошта, атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы, сондай-ақ хабархаттың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдаланып жіберілуі мүмкін. Сонымен қатар, атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы немесе егер мұндай хабархаттың немесе шақырудың келіп түспегені не кешірек түскені дәлелденбесе, хабархаттың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары арқылы жолдау тиісті түрде хабарлау, шақыру болып табылады 7 Атқарушылық іс жүргізу құжаттарымен танысу үшін сот орындаушыны таба алмай жатырмын, не істеуге болады? Атқарушылық іс жүргізудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қолжетімділік және ашықтық қағидатын жүзеге асыру мақсатында, электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда атқарушылық іс жүргізу тараптары Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркеле отырып, атқарушылық іс жүргізу материалдарымен https://aisoip.adilet.gov.kz мекен-жайынан таныса аласыз 8 Маған қатысты қандай атқарушылық іс жүргізу қозғалғанын қалай білуге болады? Әділет министрлігі «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәрптебесі туралы» Заңның 36-бабына сәйкес, атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындату жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті мақсаттарда борышкерлердің бірыңғай тізілімін жүргізеді. Борышкерлер туралы мәліметтер уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады. Борышкерлердің бірыңғай тізілімі атқарушылық іс жүргізу жөніндегі автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы қалыптастырылады және жүргізіледі. Сізге қатысты қозғалған атқарушылық іс жүргізу бойынша ақпаратты борышкерлердің бірыңғай тізілімінен Әділет министрілігінің ресми сайтынан ала аласыз https://aisoip.adilet.gov.kz/debtors. Сонымен бірге, электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда атқарушылық іс жүргізу тараптары Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркеле отырып, атқарушылық іс жүргізу материалдарымен https://aisoip.adilet.gov.kz мекен-жайынан таныса аласыз 9 Мен борышкердің анасы боламын, сондықтан мен атқарушылық іс жүргізу материалдарымен таныса аламын ба? Атқарушылық іс жүргізудің тараптары (өндіріп алушы және борышкер); атқарушылық іс жүргізу тараптарының өкілдері; сот орындаушысы; атқарушылық құжатта қамтылған талаптарды орындауға жәрдемдесетін өзге де адамдар (оның ішінде ішкі істер органдарының және өзге де мемлекеттік органдардың қызметкерлері, сот приставы, жеке сот орындаушысының көмекшісі, аудармашы, куәгерлер, маман, сот орындаушысы тыйым салынған мүлікті күзетуге немесе сақтауға берген адам) атқарушылық іс жүргізуге қатысушылар болып танылады. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәрптебесі туралы» Заңның 18-бабы 2 тармағына сəйкес Жеке тұлғалар атқарушылық iс жүргiзуге дербес немесе өкiлдерi арқылы қатыса алады. Атқарушылық iс жүргiзуге жеке тұлғаның өзiнiң қатысуы оны өз өкiлi болуы құқығынан айырмайды. Егер атқарушылық құжат бойынша борышкерге оның өзi ғана орындай алатын мiндеттер жүктелсе, онда борышкер оларды орындау кезiнде өкiлі арқылы әрекет етуге құқылы емес. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Заңның 17-бабы 2-тармағына сəйкес атқарушылық іс жүргізудегі өкіл өкілдік берушінің атынан сенімхат бойынша берілген өкілеттіктері шегінде атқарушылық іс жүргізумен байланысты барлық іс-әрекеттерді жасайды. Сіздің атқарушылық іс жүргізу тарапы болмағаныңызды ескере келе Сізге тиісті рәсімдеп, сол сенімхатпен атқарушылық іс жүргізу материалдарымен таныса аласыз. Сонымен бірге, электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда атқарушылық іс жүргізу тараптары Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркеле отырып, атқарушылық іс жүргізу материалдарымен https://aisoip.adilet.gov.kz мекен-жайынан таныса аласыз