Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, бірақ жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан білім алушылар мен тәрбиеленушілерге, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмек қажет ететін отбасылардың балаларына және басқа да санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау және есепке алу қағидаларын бекіту туралы» қаулысы негізінде жергілікті бюджет есебінен қала сыртындағы лагерьлерде жазғы демалыспен және мектеп жанындағы тамақтанусыз жазғы алаңдармен, туристік-танымдық экскурсиялармен қамтылады.
Сонымен қатар, дарынды, әскери-патриоттық, дебаттық қозғалыстың балалары, республикалық, облыстық жарыстар жеңімпаздары, лауреаттар, мектеп белсенділері жыл бойғы «Балдаурен», «Бөбек» республикалық оқу-сауықтыру орталықтарына жолданады.
Ауылды мектептердің әлеуметтік санаттағы дарынды, республикалық, облыстық пән олимпиада жеңімпаздары, оқу озаттары «Қазақстан Халқына» қоры есебінен жазғы сауықтыру орталықтарының жолдамаларымен қамтамасыз етіледі.